Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет136/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
(жаңбыр) жерді айнадай етіп жуады. Сосын жерге: 
«Жемістеріңді өсір, берекеңді қайтар!» – делінеді», – деген
1

Келесі бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тіпті бір сабақ 
жүзім бір топ адамдарды тойдырады», – деген. 
Иса пайғамбар жер бетінде жеті жыл қалады. Ол кезде соғыс 
тоқтайды. Адамдардың барлығы иман келтіреді. 
Ханзала (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Аллаһ елшісі (с.а.с.) Исаның Қағбаға қажылық жасайтынын 
айтқан
2

Уақыт-сағаты жетіп, Аллаһтың әмірімен Иса дүниеден өтеді. 
Оған мұсылмандар жаназа намазын оқиды. Адамдардың баяғы 
бейбіт қалыптағы тіршіліктері жалғасып жатады. Алайда арада 
біраз уақыт өткен соң адамдар арасында қайтадан күпірлік, 
бұзақылық белең алады. Мүміндер азайып, кәпірлердің қарасы 
артады. 
г) Яжуж-Мажуждің бөгеті 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.) Яжуж-Мажуждың бөгеті туралы: «Олар күнде, 
тесуге жақын қалғанша қазады. Сонда бастықтары: 
«Қайтыңдар! Ертең тесесіңдер!» – дейді. (Бірақ) Аллаһ 
тағала әуелгіден де берік етіп қалпына келтіріп қояды. 
Мерзімдері жетіп, Аллаһ тағала оларды адамдарға жіберуді 
қалаған кезде бастықтары: «Қайтыңдар! Аллаһ қаласа, ертең 
тесесіңдер!» – дейді. Сөйтіп, (ертеңіне) қайтып келсе, (кеше) 
тастап кеткендеріндей екен. Тесіп, адамдарға шығып, 
суларды ішеді. Адамдар олардан қашады», – деген
3

1
Муслим. 
2
Муслим. 
3
Әт-Тирмизи. 


153
 
 
IV, V,VI белгілер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет