Аңыз-әңгімелер Домалақ ана кесенесі Нұрилә Әли Сыланқызы


( Мақал- мәтелдер жайлы )



бет4/7
Дата25.11.2023
өлшемі372,18 Kb.
#128174
1   2   3   4   5   6   7
( Мақал- мәтелдер жайлы )
Мақал – мәтелдер халық даналығының қазына байлығы . Олар ғасырлар бойы қалыптасып , сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап , біте қайнасып кеткен дүние . Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап , өзінің күнделікті өмірінде өзара қарым- қатынасында пайдаланады . Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі – қазақ халқы . Қазақ мақал – мәтелдерінің бастау көзі сонау Орхан – Енесей жазба ескерткіштерінен бастау алады . ХІІ- ХІІІ ғасырлардан бізге жеткен жазба ескерткіштердің тілінде мақал мен мәтелдер баршылық . Мысалы ; Орхон жазбаларында «Бастыны еңкейтіп , тізеліні бүктірген» (Күлтегін жырынан ) , «Өлімнен ұят күшті » (Тоныкөк жырынан) деген мақал – мәтелдерді кездестіреміз . Мақал – мәтелдерде бала тәрбиесіне де үлкен мән беріледі . « Қызды асырай алмаған күн етеді , ұлды асырай алмаған құл етеді» деген мақал - мәтелдердің мәнісі жас ұрпақты жақсылыққа баулу болмақ .

  1. Қасқырдың ойлағаны арамдық

Қойдың ойлағаны амандық.

  1. Еңбегіне қарай құрмет

Жасына қарай ізет.

  1. Еркін еңбек

Баршаны жеңбек .

  1. Күйесіз қазан жоқ

Қайғысыз адам жоқ.

  1. Кісіні кейде таршылық сынайды

Кейде баршылық сынайды .

  1. Бітер істің басына ,

Жақсы келер қасыңа.

  1. Біреуге ор қазба , өзің түсесің

  2. Басыңа іс түссе,

Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп кетеді.
9. Ақылды өзінен көреді ,
Ақылсыз ағайыннан көреді .
10. Нан тамақтың атасы
Ынтымақ көптің батасы.
11. Жолдасын тастаған жолда қалар .
12.Өзіне қарай қосағы ,
Қазанына қарай ошағы .
13.Жақсы ас қалғанша ,
Жаман қарын жарылсын .
14.Пышағы бар , сүйгенін жер,
Пышағы жоқ , тигенін жер.
15.Бауыр шырын , бас тәтті ,
Ағайынмен ішкен ас тәтті.
16.Қазаныңа не салсаң ,
Шөмішіңе сол ілінеді.
17.Ана алдында құрмет ,
Ата алдында қызмет.
18.Ана алақанының аясы ,
Ақ шынардың саясы .
19.Жетімге жеті бидай да тамақ .
20.Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа .
21.Ана сүтін ақтамағанды ,
Ешкім мақтамайды .
22.Баласыз ана гүлсіз алма .
23.Қарыз қатынас бұзады .
24.Ашаршылықта, ашқарақ алдымен өледі .
25.Малға жарлылық- жарлылық
Ақылға жарлылық- сорлылық.
26.Барымтаны бай алады ,
Бәлесі кедейге қалады .
27.Жаман адам өзі бола алмайды ,
Болғанды көре алмайды .
28.Жаман достан , жақсы дұшпан артық .
29.Көргенді кісі көргенін айтар ,
Көргенсіз кісі бергенін айтар.
30.Досына жамандық – қылған оңбас


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет