|
|
бет | 5/7 | Дата | 25.11.2023 | өлшемі | 372,18 Kb. | | #128174 |
| Байланысты: қтә 103 топ( Жаңылтпаштар )
Жаңылтпаштар – қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры . Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын көбінесе ұяң және қатаң даауыссыз дыбыстардан құралады , қара сөз немесе өлең түрінде болады . Жас ұрпақты достыққа , бірлікке , адамгершілікке , ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды . «Қамаштан көріп қалаашты , қалашқа Жарас таласты , бөлінсін десең қалаш тең , таласпа Жарас Қамашпен .» сияқты тәрбиелік мәні зор жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады .
1.Шырпы сыпырғыштың ұшы шырпылсыншы ,
Шырпылы сыпырғыштың ұшы қырқылсыншы.
2.Төлеш төгіп тегешті ,
Тескішпен тез тескізші
Тезкізген есікке өткізер
Түбіттен жіп ескізші .
3.Сайыста сайыссаң қайыспа ,
Сайысшы сайыстырса
Сайғақтай саяқ шық сайыста .
4.Пішіні пішіндестің пішінін ,
Пішіншіге пішіндеткізші
Пәруай пейілді дәлелдеп мүсінін.
5.Реттегіш реттеңкіреп реттестірсе
Ретсіздік те реттелер
Ретін тауып іздеттірсе .
6.Ойран шөп ішін аралар аралар ,
Орала ұшып гүлге қадалар да , бал алар .
7.Өрені өрелі өрелес ,
Өнерін өрелемес .
Өресіз өрені өркендеп
Өркештеніп төрелемес .
8.Қабылдағыш құптағышты қабылдатқыз,
Қабылданса , қапұл- құпыл дабылдатқыз .
9.Дөңгелек дөннен төмен дөңгеледі,
Дөңгелекті дөкемге немен өңгереді ?
10.Әжемнің әжесі әжімді емес ,
Әжімді әжеме әзілкеш те
Әжімдісің деп әзілдемес .
11.Аршабек арша деп шыршаны
Шыршабек шырша деп аршаны
Шатасты күлдіріп баршаны
Шырша деп, арша деп шаршады .
12.Балдыр балғын құрақтан бағалырақ па ,
Балғын құрақ балдырдан бағалырақпа ?
13.Ғылымпаз ғылымсыз жаңалық аша ала ма ?
Ғылымсыз ғылымпаз даналық аша ала ма ?
14.Екшегішпен шөп шаламды екшеткізші ,
Екшеленген шөп шаламды өлшеткізші .
15.Ақылсынған ақылшы ма ,
Астамсымай нақыл ұсынған
Ақсақал ақылшы ма ?
16.Абалақ сабалағы шыққан
Арланды абалатпасаңдаршы
Абалаған арланға
Абат бақты аралатпасаңдаршы .
17.Қырқадағы қырық арқар
Қырқыдағы қиқар арқар
Қасқиғаны марқа арқар
Қалқадағы қарт арқар .
18.Зырылдауық зығырыңды зығырландырар ,
Зыпылдауық зыңғырлап
Зырылдауықтай зыттырып
Зырқылдатып басыңды ығыр қылар .
19.Ызбарланған ызақор ызғардан ығысты
Ызғында ызғырықтан ығыр болғандар ұғысты .
20.Қаймыжық қаймығыңқырап қаймаңдай ма ,
Қаймықтырған қайманаға маңмаңдай ма ?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|