Аңыз-әңгімелер Домалақ ана кесенесі Нұрилә Әли Сыланқызы


Өтірік өлең Өтірік өлең –



бет7/7
Дата25.11.2023
өлшемі372,18 Kb.
#128174
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
қтә 103 топ

Өтірік өлең
Өтірік өлең –
қазақ халқының тұрмыс салтына байланысты шығарылған ауыз әдебиетінің көне түрі. Өтірік өлеңде суреттелетін оқиға желісі нақтылы шындықтан алынғанмен, ондағы іс - әрекет шынайы өмірге жанаспайды: Аспанға алты жерден тіреу қойдым,
Той қылып, мың масаны сонда сойдым
сияқты үлкен фантастикалық қиялға, қызықты күлкіге құрылады. Өтірік өлеңде қиыннан қиыстырылған тапқырлық, ойдың өткірлігі мен логиканың күштілігі сарапқа түседі.Өтiрiк өлең – қазақ халық поэзиясындағы ерекше қызғылықты, балалар құмарта тыңдап, қызыға жаттап алатын фольклорлық жанр. Өтiрiк өлеңдi бүлдiршiндер ғана емес, үлкендер де сүйсiне тыңдайды.
1.Түсiмде мая - мая түбiт көрдiм,
Жылы дүние жинауға үмiткермiн.
“Бөкебай табылды!” деп ұмтылғанда
Мөңiреп ұшып кеткен бұлтты көрдiм.
2.Мысықты жылаттым,
Тышқанды құлаттым.
Пілді әкеп тақтаға
Есептер шығарттым.
3.Мен өзiм кiшкентайдан өрге бастым,
Табаныма сурет сап көрме аштым.
Көлеңкемдi қораға байлап қойып
Өтiрiк сурет салғаннан жалықпаспын..
4. Жайлауда шыбын баққан тайлақ сойдым,
Ұйқымды бір күн емес, айлап қойдым.
Алты айда ала мешін үйге сыймай,
Тұсына тереземнің байлап қойдым.
5. Айттым да өтірік өлең жұртқа жақтым,
Қой қылып құмырсқаны жаздай бақтым.
Айғырын шегірткенің ұстап мініп,
Адыр - адыр қойтасты түлкі қылдым.
6. Сайран сап бес ай жүрдім көк аспанда,
Ақ бұлтты белгі қылдым адасқанда.
Тура айттым қисық сөзбен төрелігін,
Ай мен шолпан жұлдыз таласқанда.
7. Қорықпаймын Аюдан, Арыстаннан,
Қасқырдан, Құмырсқадан, Сауысқаннан
Қорқамын өз - өзiмнен бәйге алғаннан,
Тамағын жұрттан бұрын тауысқаннан.

8.Бiр жасымнан жұмысқа орналастым,


Қазанның қақпағына қазан астым.
Қазанымды басыма киiп алып,
Өрт шығарған қақпағын ала қашқырдым

9.Үш жаста мергеншілік кәсіп қылдым,


Ши оқпен мың құланды атып қырдым.
Ауынан өрмекшінің кілем тоқып,
Ұялмай жүз тұсақтан сатып тұрдым.

10.Балықтың қабыршағын отқа жақтым,


Өтірік бір сөз айтпай жұртқа жақтым.
Бір сонам асыраңды қашып кетіп,
Дүниеден он жыл іздеп әзер таптым.

11.Жүк артып инелiкке ерте көштiм,


Шүйкелеп сары майдан арқан естiм.
Мұртына шегiрткенiң ат арқандап,
Дегенде өлдiм-талдым әрең шештiм.

12.Мiндiм де ақсақ қоңыз аяңдадым,


Болдыртып аяңымен қоян алдым.
Апырмай,сол қоянның семiзiн-ай,
Көтерiп қоңызыма қоя алмадым!..

13.Жасадым жұмыртқадан алтын табақ,


Сүңгi мұзды боршалап еттiм тамақ.
Шегiрткенiң сирағын қасық жасап,
Ертеден кешке дейiн iштiм шалап,

14.Жөнi жоқ ақша шашып шашылғанның,


Iсi ол көзi ағарып асынғанның!
Қысып ап башпайыма ұстараны
Аяғыммен өзiмнiң шашымды алдым.

15 Жасымнан жалғыз жүріп, жапада өстім,


Жаз күні жалаң аяқ ақ қар кештім.
Байқаусыз бөркім бауы шие байлап,
Ойланып, алты жылда әзер шештім.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет