Қосымша танысуға:
Мұғалім:
Мақал – араб сөзі.
Мақал – мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өнері. Мақал - мәтелдерден халықтың ақыл - ойы, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар – келелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды, түйінді пікір түрінде айтылады. Мысалы: Кең болсаң, кем болмайсың. Әзіл айтсаң да, әділ айт. Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің мәнін келтірер. Мақал - мәтелдердің басты тақырыптары отан, мұғалім:
Мәтелдерде ой - пікір мақалдардағыдай тікелей кесіп айту түрінде емес, жанамалап нұсқай салу /ишара/ түрінде айтылады. Мысалы: «Айдағаның бес ешкі, ысқырғың жер жарады». Фольклорист М.Әуезов қазақ мақалдары мен мәтелдерінің көпшілігі өлең түрінде келетіндігін, ондағы ассонанс, аллитерациялардың мол болатындығын атап көрсеткен. Соған бір мысал келтірейік.
Туған елдің қадірін,
Шетте жүрсең білерсің.
Тепкі көріп тентіреп,
Текке жүрсең білерсің.
Сол сияқты «Тозған қазды топтаған қарға алады», «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу». Аталған мақал - мәтелдердің көркемдік құны олардың ұйқастары мен ырғақтарында.
Мұғалім:
Түркі тектес халықтар мақал мен мәтелді былайша атайды: өзбекше – мақол, қырғызша – мақал мен лақаптар, татарша – мәкаль һәм әйтем, азербайжанша – аталар сөзі, ұйғырша – мақал вә тәмсил, түркіменше – нақылдар ве аталар сөзи, чуваштар – ваттисем калани, алтайлықтарша – кеп ле укао сестер. (Мақалалардың айтылу стильдерін слайд арқылы түсіндіріледі)
Мақалдар
1.Салыстыру Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар
2.Қайталау Ас тасыса қатығы төгілер,
Ашу тасыса ақылы төгілер.
3.Ішкі ұйқас Мал шелді болмай, төлді болмас.
4.Әсірелеу Көп түкірсе – көл
Мұғалім:
Құрметті жанкүйерлер, ойы алғыр, шешен жастарымызбен өтетін сайысты бастаймыз. Ортаға сөз зергерлері шақырылады.
І шарт. «Сыңарын тап»
Берілген мақалдардың екінші сыңарларын тауып мағынасын түсіндіру.
Мақал мен мәтел түрін ажырату.
1. Ит тойған жеріне, ер
/туған жеріне/
2.Тазы ашуын тырнадан
/алады/
3.Кәрі келсе асқа
/жас келсе іске/
4.Досы көпті жау алмайды
/ақылы көпті дау алмайды/
5.Еңбек – ерлікке жеткізер
/ерлік – елдікке жеткізер/
ІІ шарт. «Мен білетін мақалдар»
Әр үміткер түркі тілдес халықтардың мақалдарын айтады. Мақал – мәтелдер түрлі тақырыптарда болуы мүмкін. Кім көп айтса, жоғары ұпай жинайды.
Мысалы:
Өзбек мақал – метелдерінен:
а/ Пірің көп болғанша,
Білімің көп болсын.
ә/ Жер қазына, су-алтын
Қырғыз мақал-мәтелдерінен:
а/ Қыз қыз болсын,
Қыс қыс болсын.
ә/ Адамның көркі – ақыл
Татар мақал – мәтелдерінен:
а/ Қарты бар үйдің кітабы бар.
ә/ Ата-ананың өлгені –
Ұйғыр мақал-мәтелдерінен:
а/ Досты достан айырған –
Дозаққа күйер.
ә/ Қызғанғанға құрт түсер.
Түркімен мақал-мәтелдерінен:
а/ Ел аңқау болса,
Доңыз төбеге шығады,
ә/ Әкең барда, дос тап,
Атың барда, жол тап.
ІІІ шарт. «Сөз төркіні»
Мақалдардың шығу тарихын айтады
«Көп қорқытады, терең батырады» мақалының шығу төркінін баяндау.
І топтың дайындаған жауабы:
Ертеде бір хан болыпты. Оның қырық уәзірі бар екен. Бір күні ол уәзірлерін шақырып алып, «Біздің артымызда өсиет болып, қалатын, бір нақыл сөз табыңдар, үш күнге дейін рұқсат беремін», дейді. Уәзірлері ханға қарсы келмей «Айтқаныңыз болсын» деп бас шұлғып кете барады. Бәрі жиылып, ойланып «қандай сөз қалдырамыз» деп кеңеседі. Бірақ бәрі ортақ шешімге келе алмай, істі келесі күнге қалдырады. Екінші күні де қандай сөз қалдырарларын әрі ойланып бері ойланып таба алмайды. Сөйтіп ең соңғы ақтық күн де келеді. Уәзірлер қатты сасады, қалайда бір өсиет сөз қалдырулары керек. Әйтпесе қатал ханның айтқанынан қайтпайтыны белгілі. Жамырап әркім әр түрлі пікірлер айтады. Бірақ оның біреуі де көңілінен шықпайды. Іс насырға шабады. Мойындарына су кетіп, «Қариялардан сұраймыз ба, қайтеміз», - деп келе жатқанда өз шаруасымен кетіп бара жатқан бір қарияны көреді. Көздеріне көк шыбын үймелеп, жүректері тас төбелеріне шығып келе жатқан уәзірлер оған дүрсе қоя береді. Қорқып кеткен шалға өсиет боларлық сөз таппаса, өлтіретіндерін айтады. Қапелімде оның да аузына сөз түспей, мардымды ештеңе айта алмайды. Содан уәзірлер шалды үлкен өзенге лақтырмақшы болады. Шалды дедектетіп өзеннің жағасына алып келеді. Суға енді лақтыра берем дегенде шал «Таптым, таптым!» деп қуана айқайлап жібереді. Уәзірлер жалма-жан аяқ-қолын босатып, «Ал айт» дегенде шал: «Көп қорқытады, терең батырады» - деген екен. Сөйтіп шал да, уәзірлер де өлімнен аман қалыпты.
IV шарт. «Абай тағлымы»
Абай Құнанбаевтың қара сөздері бойынша айтқан мақалдарын таныстырады. Кім көп айтса, жоғары ұпай жинайды.
1.Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
2.Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.
3.Егер ісім өссін десең, ретін тап.
4.Қайратсыз ашу – тұл,
Тұрлаусыз ғашық – тұл,
Шәкіртсіз ғалым – тұл, т.б.
V шарт. «Ребустар шешу»
VІ-шарт. « Сенің пікірің»
А.Құнанбаевтың 29 қара сөздерінде сыналған «Жарлы болсаң, арлы болма», «Қалауын тапса қар жанады», «Атың шықпаса жер өрте», «Алтын көрсе періште жолдан таяды» және тағы басқа мақалдарға берген түсініктемесін оқып, пікірлесу. Талдау. (Кім көп айтса, жоғары ұпай жинайды)
VІІ шарт. «Кім көп біледі?»
Шарты: Қызықты сұрақтар арқылы тиісті мақал-мәтелдерді тауып, мақал мен мәтел түрін ажырату, әдебиет теориясы.
І. Кімнің қызы қай кезде таранады?
/ «Қойшының қызы қой келгенде таранады»/.
2. Қорқақ неден қорқады?
/Қорқақ көлеңкесінен де қорқады/
Автор: Самал БЕРДІБЕКОВА №7 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Іле ауданы
https://bsh.kz/news/4355
Достарыңызбен бөлісу: |