Қайырлы күн, құрметті оқытушы! Үй тапсырмалары: Бақылау сұрақтары



бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі116,51 Kb.
#18268
1   2
Байланысты:
дене волейбол

Үшінші әдіс. Допты шағылыстырудың барлық ойын техникасы шағылыстыратын платформаны әр түрлі жолмен беруді көздейді: адыммен, өкпемен, лақтырулармен жіліншектерге және бүйірге. Осы әдістерді үйрету кезінде допты беру мақсатына қатысты бағытын өзгертпестен платформаның ауысуына қол жеткізу маңызды. Басқаша айтқанда, сіз оны мақсатынан қайтара алмайсыз.


2. Қорғаныста доп қабылдауды жетілдіруге арналған жаттығулар.

Допты беру және қағып алуға арналған жаттығулар

Ойынға қосылған допты немесе шабуылдаушы соққыны қос қолымен жоғарыдан немесе төменнен қабылдауға болады қабылдауға болады. Допты жоғарыдан қос қолмен беру «шабуыл техникасы» бөлімінде айтылған.



Допты қос қолмен төменнен беру

Допты ойынға қатты соғып және қалықтата қосу, сондай-ақ шабуылдаушы соққының қуытының арта түсуі бұл әдісті жиірек қолдануға мәжбүр етеді. Төменнен доп берудің бастапқы қалпы негізгі тұрыс немесе еңкейіп тұру болмақ. Түзу қолдан алға қарай созылып, шынтақтар бір-біріне жақындай түседі. Қолдың саусақтары бойынша орналасады: бір қолдың жұдырығы түйіліп, екінші қолдың саусақтары оны сыртынан қапсыра ұстайды да бос бармақтар бір-біріне паралель болады. Допты қабылдау кезінде жауырын тік болып, қол иық буынымен жұмыс істейді . Допты иықтан алға таман білекпен қабылданады.

Допты дұрыс қабылдап қайтару үшін алдын ала орын ауыстырып, доптың ойыншысының алдына келуін қадағалаған жөн. Кейде бір бүйірлі алыстау келген допты астынан бір қолмен алуға да болады. Мұндай да саусақтар қатты болады немесе білекпен алынады.

Допты жоғарыдан қос қолмен құлап, арқаға аунап барып беру

Қорғаныста ойнағанда осындай әдістер қолданылады. Оны дұрыс жүзеге асыру үшін ойыншы орын ауыстырған соң еңкейіп тұру қалпына еніп, сонан соң допты береді. Сонан кейін иығы біртіндеп артқа қарай жіберіп артта тұрған аяғының өкшесіне отырады да, жинақталып барып құлап, арқасына аунап түседі.

Аунап түскен соң аяқты сермеп жіберіп, орынан тұрып, негізгі тұрыс қалпын қабылдайды.

Артқа аунап түсу бір бұйірге қисайып барып та атқарлуы мүмкін, мұндай ойыншы алдымен созылған аяғына қарай кеудесін бұрып, допты қабылдап, иығын кері қарай жіберіп барып арқаға аунап түседі.



Допты кеудемен құлап барып, қабылдау

Бұл ойыншы алға қарай орын ауыстырып үлгере алмай қалған жағдайда қолданылады. Ойыншы алға ұмтылып барып, допты алады да қолын жерге тік тіреп түседі. Сонан кейін ол қолын шынтағынан бүгіп, кеудесімен жер тірейді. Сонан соң, қол екі жаққа жіберіліп ойыншы кеудесімен жылжыйды.

Допты былайша қабылдаған кезде аяқ тізеден бүгіліп, аяқтың басы ашық ұсталуы, бас кейін қарай шалқайтылуы керек.

Тордан кері серпілген допты қабылдау.

Доты тордан серпілу ерекшеліктерін білу керек. Егер доп тордың жоғарғы жиегіне таман тисе оның серпіліуі күші аз болады да, ол төмен қарай тік түседі. Егер доп тордың төменгі жиегіне тисе, оның серпілуі әжептәуір.

Тордан 1-1,5 метрдей жерге жетеді. Доптың серпіліуінің осындай ерекшеліктерін біле отырып ойыншы торға жақындап келіп, еңкейіп тұрған қалыпта допты қабылдау керек.

Допты жерге тақтау қабылдаған жөн. Мұндайда ойыншыға тор кедергі келтірілмейді. 



Оқу-жаттығу кезеңінде жаттығушылар тек қорғаныста ойнау менен ғана шектелмей, оңтайлы-нәтижелі шабуыл шебін де меңгергендері жөн. Олар ойыншылардың келісімді бағытта орын алмаса отырып шабуыл сәтін шалт ұйымдастыру, тез алма-кезек өз орнын ауыстырып отыру мүмкіншілктерін меңгерулері. Бапкерлер бұл кезеңде 2:1, 3:1, 2:2, 3:2, 3:3 сияқты ойын барысын шәкірттердің меңгеруіне жағдай жасаулары негізгі қажеттіліктердің бірі.



Назарыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет