Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет112/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   181
ҚАЗАҚБАЙ МЕН НҰРПЕЙІС 
Қазақбай: 
Қанатым талмас қаршыға – 
Жайнап дәурен сүргенім.
Шеңгелім қайтпас шын болат
Шын күйіме түскенде,
Қиядан көзім шалған-ды
Не болса да, ілгенмін.
Жасым жеткен арыстан,
Дүбірден әлі қалыспан.
Екіталай жер болса,
Таптап жерге жанышқам.
Әркімдер әуес сыртымнан
Қазақбай деген дабыстан.
Жүйріктің жайы көрінер
Алқалы дуда шабыстан.
Тауым қайтып көрген жоқ
Жақын менен алыстан.
Алқалы топта айтыссам,
Бергенім жоқ намыстан
Қамал бұзған қайратты


281
Айтыс II том
Қызыл тілім ерікті.
Тарлан тартқан Қазақбай
Қиялап шауып, желікті.
Жырдан дауыл тұрғызам,
Көмейден басып көрікті.
Шын желденіп желгенде
Өзгеге бермен ерікті.
Жас жыршыны көрген соң
Желігер жерім келіпті.
Қиядан жарды ұрармын,
Екпініме шыдар кім?
Егескенде егеулі
Жар қылышын шығардым.
Құрлыққа шыққан шынармын,
Айтысуға құмармын.
Азу тісім сақылдап,
Қандай жүйрік болса да,
Қос өкпеден сығармын.
Тұяғым болат тұлпармын,
Дуда неғып шыдармын?!
Руымды сұрасаң,
Мен – Майлыбай Кетемін.
Қашқан жерде құтылып,
Қуғаныма жетемін.
Осы отырған, жамағат,
Жаңа талап балаға
Домбырамды қолдағы 
Енді ұсыныс етемін.
Нұрпейіс:
Жырыңды байқап қарасам,
Ешбір жоқ сенің ғапылың.
Жаңа өспірім бала деп,
Жетіспеген шала деп
Толмады ма тақымың?
Өзіңді сонша зорайтып,
Мұнша неге тасыдың?
Түлектен шыққан шынығып,
Балапан бүркіт мен болам,
Құлағыңды сал, сұңқарым.


282
Қазақ өнерінің антологиясы
Тұяғым тастан қайтпайтын,
Жарауым түскен тұлпармын.
Бәйгелі жерге қосқанда
Жер танабын құртармын.
Қазақбай ақын келед деп
Сәрсенғали, Құлназар
Ат жіберіп шақырды.
Қанша бала көрсең де,
Толтырармын тақымды. 
Өзіңді зорға санайсың,
Мені кімге балайсың?
Ар жақ пенен бер жағын
Алыстан орап қарайсың.
Қарағанмен, Қазеке,
Сен – бір гүлсіз қу ағаш,
Миуалы – мен – балдырған.
Сүйексіз қызыл тілімді
Жаңылдырман, талдырман.
Тарлан тартқан көкжалға
Жастығымнан шалдырман.
Қырқып, қиып желісін,
Ағыным бөгеп өрісін,
Кілтсіз кісен салдырған.
Естуімше сыртыңнан,
Жырдың ағыс көзі едің,
Айтулының өзі едің.
Сіздей жүйрік шежіре
Іздеген менің керегім.
Аңсағанда алдымнан
Тілегенім табылған.
Тарлан тартқан жүйріксің
Талай топта шабылған.
Екпінің күшті көрінді
Тас аунатқан ағыннан.
Айрылмасам бағымнан,
Кесілмесем қарымнан,
«Сөйле», – деп, кезек бергенде
Айтарымнан жаңылман.
Тас кесетін алмастай
Жыр күштісі табылған.


283
Айтыс II том
Алшысында ақ алмас
Сенен қорқып, тарылман.
Даңқыңды естіп сыртыңнан,
Бір кездессем деп едім.
Дүбірің алып тыншымды,
Жанымды жастай жеп едің.
Әр мысалдан жыр жырлап, –
Домбыраны беремін.
Жасы үлкен қарт аға,
Қазекең алсын кезегін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет