274
Қазақ өнерінің антологиясы
Асылдың сыны кетпес,
сыры кетер,
Берікте Әжек батыр сақталса да.
Әжек:
Шырағым, сөз айтасың қалай-қалай?
Әр істі көріп жүрміз жастан талай.
Мақтанба жетелімін, жүйрікпін деп,
Қайтер ең, жеңіп өтсем алдыңды орай?
Кездескен нелер жүйрік, кетті олар да,
Жарыста бұл Әжекке шыдап тұрмай.
Қаңлының биігінде сен бір шынар,
Бұтағың өрлей бермес бір күн сынбай.
Білемін
сының кетпес, сырың кетер,
Айрылып жапырағыңнан болсаң жұрдай.
Егерде сен жүйрік боп, мен жабы боп,
Бәйге алам жарыссам да, бақытым солай.
Шәріпжамал:
Білемін сенің атаң – Құнанбайды,
Той десе, Шәріпжамал бұлаңдайды.
Шабысты
былай қойып желісіме,
Жабылар қатарласып, жүре алмайды.
Қанатым күн шалмаған мен бір тұйғын,
Жолымда жапалақтар тұра алмайды.
Өрем кең: шапсам – озам, қусам – жетем,
Менімен ерегескен тыңаймайды,
Байқап
бас аяғыңды, Әжек, батыр,
Аңғарып, білмек болсаң, біздің жайды.
Әжек:
Онтағар, Қызылбөрік Албаным бар,
Бәйгені таласқанда алғаным бар.
Кешегі жиырманың әсерінде,
Бұғалық талай қызға салғаным бар.
Әжекті танымаған дұспандардың,
Талайын бөктергімен алғаным бар.