Айтыс II том «КҮлтегін»


АЙТЫСТАР 4 Қазақ өнерінің антологиясы ЖАМБЫЛ МЕН АЙКҮМІС



Pdf көрінісі
бет2/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181
АЙТЫСТАР


4
Қазақ өнерінің антологиясы
ЖАМБЫЛ МЕН АЙКҮМІС
Жамбыл:
Әдейі ат терлетіп, келдім тойға,
Айкүміс, әуелден-ақ болдың ойда.
Әуірі басылмаған албырт едім,
Асығыс айтқаныма кінә қойма!
Айкүміс:
Аптығып, ә дегеннен, амандаспай,
Әдепті үйренбепсің, Жамбыл, жастай.
Асылға арсыдағы қол жетпей ме,
Ақылмен қимылдасаң, аспай-саспай?
Жамбыл:
Айкүміс, асықпауға шамам бар ма?
Жасшылық ұрындырды талай жарға...
Сен үшін жатсам-тұрсам арманым көп,
Жем болып кете ме деп жамандарға.
Айкүміс:_Біле_ме_пенде,_шіркін,_өз_кемісін,_Ел_кезіп,_есер_мінез_сен_де_жүрсің._Жаралған_жат_жұрттыққа_ұрғашымыз,_Жарқыным,_өкінбеші,_сен_мен_үшін!_Жамбыл'>Айкүміс:
Біле ме пенде, шіркін, өз кемісін,
Ел кезіп, есер мінез сен де жүрсің.
Жаралған жат жұрттыққа ұрғашымыз,
Жарқыным, өкінбеші, сен мен үшін!
Жамбыл:
Барарсың бір жаманға өзің қор боп,
Отырсың қарқарадай әзір зор боп.
Көзіңе көк шыбынды үймелетер,
Көргенің өле-өлгенше ылғи сор боп.
Айкүміс:
Жамбыл-ау, күпінесің неге сонша?
Құтқарып қыз біткенді қалған жанша.
Қолдағы қаршығаңнан неге айрылдың,
Тұтқасы дүниенің сенде болса?
Жамбыл:
Жалғанның сорлысы екен қыз бен жігіт,
Жүрмеген бірге ойнап, бірге күліп.


5
Айтыс II том
Арыны басылмаған арсыз көңіл
Тағы да етіп отыр сізден үміт...
Айкүміс:
Жігітке көрінеді үміт жеңсік,
Жарымас ол мінезге көңіл көншіп.
Жарқыным, одан қайта қолқаңды айтшы,
Әрнені тере бермей, құр білгенсіп.
Жамбыл:
Түйме емес, тоғыз емес тілегенім,
Жұбатпас көңіліңді құр өлеңім.
Болмасаң сөзге қашақ, ішке тосаң,
Сырымды айттырмай-ақ білер едің?
Айкүміс:
Жамбыл-ау, жан екенсің сөзге сараң,
Жақпады қай мінезім бүгін саған?
Дітіңді білтелемей, білдіре айтшы,
Саласың қандай қолқа тегі маған?
Жамбыл:
Ауылым жайлап отыр Көксеңгірді,
Көз сүзіп, сіздің жаққа еңсем құрды.
Қолыма бір ұстатсаң, түсінерсің,
Томпайған төсіңдегі «өртеңгірді».
Айкүміс:
Жамбыл-ау, ұстатпаймын, кінә қойма!
Кетейін қайтып ардан мына тойда.
«Жақсы сөз жан семіртер» деген бар ғой,
Әдепті мінездерің жүрсін ойда.
Жамбыл:
Айкүміс, амалым жоқ, қош, ендеше,
Кетелік сыр білдірмей жат пендеше.
Атыңды, ақ жүзіңді ұмытпаспын,
Кеудемнен қашан менің от сөнгенше. 


6
Қазақ өнерінің антологиясы
Жамбыл Жабаев
1936 жылы Жамбыл қазақ әдебиеті мен өнерінің 
онкүндігіне қатысып, Москвадан оралғанда, Жәкеңе 
жүзден асқан бір ақсақал сәлемдесе келіп: – Жамбыл, 
сен аспанға мұнан ары ұшпасаң, енді түспейсің. Осы-
дан он бес жыл бұрын сен туралы түс көрдім. Алматы 
қаласындағы Ташкент көшесімен біреу отыз жорғаны 
тізіп, айдап барады екен, соның ішіндегі ең әдемісіне 
көзім түсіп, қызығып, сұрап едім, айдаушы:
– Бұл – Сүйінбайдың Жамбылға берем деген 
жорғалары, аманатын өзіне тапсырамын, – деп, жүріп 
кетті. Қазіргі Ташкент көшесі – бұрынғы Ұлы Жібек 
жолы еді, сол ескі, ұлы жолмен айдаған жорғалар, 
жарықтық, Сүйекемнің жырлары еді, ол енді сенің мар-
жандай тізілген сөздерің, саған Сүйінбайдың бағы қонды. 
Сүйінбай сияқты майталман жорғасың. Өкімет сені дәл 
тапты, жолың ашылды, жаңа заманың құтты болсын, – 
депті.* //Жолдасбеков М. Асыл арналар. 159-б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет