292
Қазақ өнерінің антологиясы
Құдайберген:_Біз_келдік_Әйтпенбет_бай_базарына,_Көріндің_сен_базардан_назарыма._Өзіңді_көрмесек_те,_естуші_едік,_Сыртыңнан_құмар_болып_ғазалыңа._Жаңылдық'>Құдайберген:
Біз келдік Әйтпенбет бай базарына,
Көріндің сен базардан назарыма.
Өзіңді көрмесек те,
естуші едік,
Сыртыңнан құмар болып ғазалыңа.
Жаңылдық:
Қай өлең, мына өлең жиырма өлең,
Шығады жиырмадан бұйырма өлең.
Тығармын екі аяқты бір етікке,
Апырмай, жұтамаса биылғы өлең.
Құдайберген:
Қарағым, менде де бар елу өлең,
Көңіліңді толтырармын елуменен.
Асықпын
деп өзіңді көтермегін,
Алу сенен болғанда, беру менен.
Жаңылдық:
Ауылым көшіп барады Өліктіге,
Жаяу жолдас болмайды көліктіге.
Аталық*, еркексініп,
сөз сөйлеме,
Мен сендей қарамаймын бөріктіге.
Құдайберген:
Тоқсан түссе, қарайды мұз алғанға,
Күйеу деп көп ойнайды қыз алғанға.
Егер де бөріктіден қаша қойсаң,
Мен сендей қарамаймын қызарғанға.
Жаңылдық:
Өлеңге жас күнімнен өзім тоқпын,
Сілтеген қараңғыда жалғыз оқпын.
Қалай айтсаң,
олай айт, Құдайберген,
Мал құдайы қылсаң да, саған жоқпын.
Құдайберген:
Өлеңге мен білемін үдеріңді,
Мен саған қайдан білдің не дерімді?