Айтыс II том «КҮлтегін»


Айтыс II том Шырағым, желік сөзге ере бермей,  Әуелі алды, артыңды аңғарып ал. Шәріпжамал



Pdf көрінісі
бет109/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   181
Айтыс II том
Шырағым, желік сөзге ере бермей
Әуелі алды, артыңды аңғарып ал.
Шәріпжамал:
Онтағар, Қызылбөрік Албан болсаң, 
Бәйгені таласқанда алған болсаң, 
Ұсташы, кәне, мені қолың жетсе, 
Бұғалық талай қызға салған болсаң.
Әжек:
Онтағар, Қызылбөрік Албан едім, 
Бәйгені таласқанда алған едім. 
Сен түгіл мыңнан озған қашаған да, 
Бұлтартпай, шалма құрық салған едім.
Шәріпжамал, жүйрік болсаң бауыр жазып, 
Құлаштай келді бүгін зымғыр жерің.
Қайтсең де, қамданып қал, қапы қалма, 
Басып кетіп жүрмесін менің перім. 
Қаңлының құрық жетпес қашағаны, 
Байқамассың ноқтаның тиген жерін.
Шәріпжамал:
Болжайды есіктегі төрдегіні,
Мал жейді төрт аяқты жердегіні.
Әй, Әжек, асқақтамай, аңғарып бас,
Басыңа тауып аларсың ермегіңді.
Тірі Албан жабылсаң да, жеңе алмассың,
Қоймасаң, алып келіп көрдегіңді.
Әжек:
Түн жарып, Ай туады кесесінен, 
Өлеңнің жол салайын төтесінен. 
Қаңлыдан әлі ондай қыз шыққан жоқ,
Жүрмесе, қайта туып шешесінен. 
Сонда-дағы жарармын шабысына. 
Екі емес, туса да, үш есесімен. 
Қалай айт, олай айтсаң, Шәріпжамал, 
Қаңлының мен қорықпан кесесінен.


276
Қазақ өнерінің антологиясы
Шәріпжамал: 
Қаңлының бір үлкені – Қара Қаңлы, 
Қағады ұрыс сақтай барабанды. 
Қаңлыдан хан қойсын деп айтып кеткен, 
Бұрынғы көрген Албан Қаңлы шалды.
Қаңлының бір баласы – Сары Қаңлы
Ежелден уыздығы жарыған-ды. 
Жете алмай біздің елге сіздің Албан, 
Болсам деп, мен де сондай, налыған-ды.
Қаңлының бір баласы – Ережемді, 
Бақытқа тең жаратқан тереземді. 
Алсейіт, Түрке тағы балалары, 
Осындай бір-бір бастан келеді енді.
Тауының Бірке деген баласы екен
Бір ұлы оза туған Қараш екен. 
Өлең тұрмақ, жауыңнан қашпайтұғын, 
Ақылдың ерлік асқан сарасы екен. 
Ежелден бақ дарыған ел Қаңлыға, 
Сен, Әжек, қалай оған дейсің жетем?
Әжек:
Болғанда алдым Дулат, артым – Албан, 
Бір ауыл не қыласың, Қаңлы, маған? 
Албаннан озамын деп әуреленбе
Ақылым менің айтқан, жаным, саған.
Шәріпжамал:
Әй, Әжек, тілімді алып, жүрсеңші тек, 
Құдайға жамандасаң, боласың шек. 
Қыстықпен, Қызылбөрік, не ғып жүрсің,
Сен енді тентіремей, Бақайдан кет.
Әжек:
Бұл Бақай білемісің, Албан жері, 
Қоныстап бұрын жерлеп қалған жері. 
Арқадан сенің елің ауып келіп, 
Осында есін жинап алған жері. 


277


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет