Жәлменде:
Бақ қонбайды жасыққа,
Көңіліңді, батыр, жасытпа!
Жігіт адам жетеді
Шын қамданса мақсатқа.
Құмарлық іс ғашыққа.
Мен аянып қалмаспын
Келгенін саған қолымнан,
Байқоржын, Тарақ жалғассын,
Туғызып Айды оңынан.
Мәйке кетпес еш жаққа,
Бұрылып сенің жолыңнан.
* * *
Екі ай жүрді Бақтыбай,
Мәйке қыздың соңында,
Сар домбыра қолында,
313
Айтыс II том
Әркімге жүрді жай айтып,
Жетсе деп ісім орнына.
Бас қосып, қалың ел келді,
Қол ақы жесір ұлықтан,
Сөйлейтін сөздің өрнегі.
Біреуге біреу теңдік ап,
Топтағы мақсат бермегі.
Кәрішал шыны, Байтұрбай,
Байқоржын, Тарақ Найманнан,
Жәлменденің үйінде
Бас қосып, солар кез келді.
Бақтыбайды көргенде,
Иек қағып, Жәлменде
Көз астымен меңзеді.
Сол уақытта Бақтыбай
Жұмбақтай қылып мұң айтып,
Біраз ғана сөйледі.
Бақтыбай:
Басында мына Алатау ойлаған жоқ,
Негізі, тамам таудың бел болам деп;
Негізі, мынау теңіз ойлаған жоқ,
Жетісу теңдей құйып, көл болам деп;
Ақ құмы Атыраудың ойлаған жоқ,
Тұз шығып, берекелі кен болам деп;
Қызылқұм Жетіжалмен ойлаған жоқ,
Дым тимес, жазды күні шөл болам деп;
Күйкентай бөктергімен ойлаған жоқ,
Қайратсыз, тамам құстан кем болам деп;
Кесіртке тышқанменен ойлаған жоқ,
Күйкентай, жапалаққа жем болам деп.
Мен болдым сөйлер сөзге шапқан жорға,
Дәулет жоқ сөзден басқа біздің қолда.
Мен көрдім жібек баулы бір тоты құс,
Қапаста байлаулы тұр темір торда.
Күнқақты қаңғып жүрген мен – бір жазған,
Орнымнан көтерем боп тұрған зорға.
Көзқұмар, көңіл ғашық, ә, дариға,
314
Қазақ өнерінің антологиясы
Жетпейді созса қолым оң мен солға.
Сендерсің жел тимейтін орман-тоғай,
Ақ мылтық қиын-қыстау боран болса,
Мұң айтам алдын ала, халқым, қорға.
Айтқан серт мәртебеге жетемін деп,
Келіп ем бір талаппен осы жолға.
Жалғанда жақсы да жоқ, жаман да жоқ,
Негізі, маңдай менен бақ пен сорда.
Бақтыбайдың кедейліктен тартқан тақсыретін, құлашын кең жаза
алмайтынын терең түсінген, әрі оның адамгершілігі мен ақындық,
азаматтығына сүйсінген, бір жағынан, Мәйке қыздың аянышты
халіне, шын мәнінде, жаны ашыған Жәлменде Мәйкенің қайын
жұрты Бектемір адамдарын дереу Жалайырмен бітімге келтіріп,
Мәйкені Бақтыбайға алып беріпті.
Достарыңызбен бөлісу: |