Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет173/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   181
Бөлек, Тілеу – Ұлы жүз, Дулат, Ошақты руынан тарайтын аталар.
Дүйсе-Құдас – Қаратоқай-Беріштен тарайтын бір аталық.
Екей – Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамындағы Шапырашты тайпасынан 
таратылады. Екей өз ішінде Бәйімбет, Жәрімбет болып, екіге бөлінеді. Сүйінбай, 
Жамбыл ақындар Екей руынан шыққан. 
Есқожа – шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамындағы Шапырашты тайпасынан 
таратылады. Шапыраштыдан Малды, Екей, Еміл рулары тарайды. Емілден тарала-
тын Жайық пен Есқожа жасынан батырлығымен аты шыққан қолбасшы, көріпкел 
абыз болған. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш аталары тарайды. Есқожа руынан 
Қарасай, Әуез, Өтеп, Түрікпен, Көшек, Кәпике, Қараш, Саурық, Сұраншы, т.б. ба-
тырлар, билер, шешендер шыққан. 
Естек – Кіші жүздегі Әлім аталығынан тарайтын Кете руының бір тарауы.
Жалайыр – қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, Ұлы 
жүз құрамына енеді. Диқанбай батыр шежіресі бойынша (Н.Аристов жазып алған), 
Үйсіннен – Ақсақал (абақ таңбалы), Жансақал (тарақ таңбалы) таратылады. Жалай-
ыр соңғысынан тарайды.
Жамбол – ру аты.
Жетіру – Кіші жүзді құрайтын үш ірі тайпаның бірі. Оған: Төлеу, Рамадан, 
Тама, Табын, Кердері, Керейіт, Жағалбайлы кіреді. 
Керей – қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Шежіре 
деректері бойынша, Орта жүз құрамындағы Керей тайпасы Абақ Керей, Ашамайлы 
Керей деген екі бөлімге бөлінеді. 


387
Айтыс II том
Керейіт – шежіре бойынша, Кіші жүз құрамындағы Жетіру бірлестігіне кіреді. 
Керейіттен Ақсақал, Бозаншар рулары тарайды. 
Қаптағай − Найман тайпасы Матай руынан тарайтын аталық.
Қара қожа – Найманның Көкжарлы руының қара аталығы болуы мүмкін. 
Қаракесек – шежіре бойынша, Орта жүздегі Арғын тайпасының «Бес Мейрам» 
аталатын рулар бірлестігіне кіреді. Қаракесектен Қамбар, Майқы, Бошан, Таңас та-
райды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет