385
Айтыс II том
Сәрке Өмірқұлұлы (шамамен 1680 − 1724) – Сыр өңіріне белгілі батыр. Кіші
жүздің Табын руынан шыққан. «Ақтабан шұбырынды» кезінде есімі белгілі болған,
Сейіл батырдың бабасы.
Саурық Ыстамбекұлы (1814, қазіргі Алматы обл. Жамбыл ауд. – 1854, сонда) –
Қарасай батырдың алтыншы ұрпағы. Тегі: Ұлы жүз, Шапырашты, Есқожа.
Сұраншы Ақынбекұлы (1815, Алматы обл. Жамбыл ауд. – 1864, Оңтүстік
Қазақстан обл. Сайрам қаласы) – Саурық батырдың немере інісі. Тегі: Ұлы жүз,
Шапырашты, Есқожа.
Аталары Қарасай батыр, Түрікпен, Мырзабек, Кәшке ел
арасына
атағы шыққан шешен, батыр болған. Ш.Уәлиханов 1863 ж. 14-шілдеде
К.К.Гутковскийге жолдаған хатында Сұраншы батыр туралы: «...қазақтарды
қоқандықтардың езгісінен құтқарушы» деп таныстырған.
Достарыңызбен бөлісу: