ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ Ақмешіт – Қызылорда қаласының бұрынғы атауы.
Ақыпта – жер атауы.
Арқа – Каспийдің теріскей бетіндегі Ойыл, Орынбор аймағы да осылай аталған.
Атырау – мәтін бойынша: Каспий теңізінің қазақша ескі атауы.
Бесқала – Қоңырат, Ходжейлі, Шымбай, Нөкіс және Төрткүл қалаларының
XVIII−XIX-ғасырлардағы жиынтық атауы. Бесқала атауын, негізінен, Кіші жүз
қазақтары қолданған.
Елек – Қазақстанның батысындағы өзен.
Ертіс – Павлодар облысының Ертіс ауданындағы ауыл, аудан орталығы, өзен
айлағы. Ертіс өзені Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол
жақ саласы. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады.
Жолабала – жер атауы.
Кемпір – Жамбыл облысындағы жер аты.
Көкөзек – Ертіс алабындағы өзен; Шығыс Қазақстан обл. Үржар ауданындағы
ауыл, ауылдық әкімшілік округінің орталығы.
Қазбек – Алматының солтүстік батысындағы тау аты, батырдың есімімен
аталған.
Қараөткел – Сарыарқа қазақтары Есіл өзенінің қазіргі Астана қаласы
орналасқан, көшкен ел аттылы-жаяу өте беретін тайыздау тұсын ежелден Қараөткел
деп атаған.
Қарқаралы – Қарағанды облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік;
Қарқаралы қаласы да бар.
Қиыл – Ойыл алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Ойыл, Қобда аудандарының
жерімен өтеді.
Қобда – Елек алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Алға, Қобда аудандарының
жерімен өтеді.
Қоқан – Қоқан хандығы – XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бас кезіндегі
Орталық Азиядағы мемлекет. Орталығы – Қоқан қаласы болды. Қоқан қаласының
негізін салушы Шахрук би, шамамен, 1710 ж. Бұхара әмірлігіне тәуелсіз шағын
иелік құрды. 1813 −1814 ж. Сайрам мен Түркістан қалалары бағындырылды. XIX
ғасырдың бірінші жартысында Қоқан хандығына қазіргі Қырғызстан мен Оңтүстік
Қазақстанның көпшілік аумағы бағындырды. 1876 ж. 19 ақпанда Ресей өкіметінің
жарлығымен Қоқан хандығы жойылып, оның орнына Ферғана облысы құрылды.