85
Айтыс II том
Сұраған
сауалыма жауап бердің,
Әркімнен жаңа білдім артығыңды-ай.
Өткен соң сол ғазиздер бұ дүниеден
Қайсысы таққа мініп, патша болды?
Жарылқасын:
Бұл сөзді сөйлей-сөйлей болдық ғасы
Кемшілік көрмеген соң адам басы.
Жаратқан өзі беріп, өзі алады,
Болмайды құдіретіне кім разы?
Өткен соң сол ғазиздер бұ дүниеден
Алты айлық патша болды Хасан қазы.
Айқын:
Біледі
сөз мәнісін сіздей ерлер,
Сөзге сөз қайырады кемеңгерлер.
Жауап бер бұл сөзіме,
ақылың кәміл,
Мысалы бұл дүниенің неге меңзер?
Жарылқасын:
Алтын деп ұстағаның мысқа меңзер,
Жақын деп дос тұтқаның қасқа меңзер.
Інжу-маржан, жақұт деп ұстағаның
Өтпесе, бір «простой» тасқа меңзер.
Мың,
миллион малың болса, еш пайда жоқ,
Тоқпын деп жүргенде де ашқа меңзер.
Дүниеден өтпейтін жан еш қалмайды,
Ұйқыда анық көрген түске меңзер.
Айқын:
Көп дейді тарихатта назым жырлар,
Тамамдап ұстар оны қандай ерлер?
Жауап бер бұл сөзіме, ақылың кәміл,
Пиғылы адамзаттың неге меңзер?
Жарылқасын:
Қыз Торы, сұрайсың-ау білмеген соң,
Лұқпан мың жасаған, өлмеген соң.
Ердің пиғылын былай деп айтып болмас
Көзбенен қиянатын көрмеген соң.
86
Қазақ өнерінің антологиясы
Әйелдің неше түрлі
мекері бар,
Білмейсің өз басыңа келмеген соң.
Әйелдің бір пиғылы шайтанға ұқсар,
Артықша ақыл иесі болмаған соң.
Әйелдің бір пиғылы қасқырға ұқсар,
Аманатқа қиянат қылғаннан соң.
Әйелдің бір пиғылы итке ұқсайды,
Қанағат адалына қылмаған соң.
Әйелдің бір пиғылы аюға ұқсар,
Ақырып, ер бетінен алғаннан соң.
Әйелдің
бір пиғылы есекке ұқсар,
Орынды бір сөзге құлақ қоймаған соң.
Әйелдің бір пиғылы доңызға ұқсар,
Осқырып, сөзге жауап бермеген соң.
Әйелдің бір пиғылы маймылға ұқсар,
Ыржыңдап, әркімдермен бір күлген соң.
Әйелдің бір пиғылы сауысқандай,
Шиқылдап, сырттан ғайбат қылғаннан соң.
Әйелдің бір пиғылы қара құстай,
Жемтіктей, әркім әкеп бір берген соң.
Әйелдің
бір пиғылы қоңызға ұқсар,
Көзіне түскен нәрсені жиғаннан соң.
Әйелдің бір пиғылы торғайға ұқсар,
Сіздердей әр бұтаққа бір қонған соң.
Қыз Торы, бұл бұзғынның біреуі сен,
Шара жоқ, көңіліңде болмаған соң!
Достарыңызбен бөлісу: