140
Қазақ өнерінің антологиясы
Оңғар:
Адамзат қайда жүрмес, айдаса – тұз,
Талпиды әр тарапқа көңіліміз.
Айтайын «Айт» десең, мен жұмысымды,
Өзіңдей іздегенім – бір сұлу қыз.
Ырысты қыз:
«Бір салым – іздегенім – тұз» деп едің,
«Жолаушы, шын мүсәпір – біз», – деп едің.
Сөзіңнің
алғауы көп жан екенсің,
Қаруы қайтпайтындай ештеңенің.
Жолыңнан қалмай-ақ қой, дәмеленіп,
Алдыңнан шыға берсін іздегенің.
Оңғар:
Керуен күн-түн қатар сүргін болып,
Көңілімде қалды айтқаның, кірбің болып.
Істерсің,
істемессің айтқанымды,
Үйіңе кетсем қайтед бір күн қонып!
Ырысты қыз:
Үйімді қызғанбаймын, «Қонам» десең,
«Жай жатып, жақсы қонақ болам» десең.
Кісідей ұстамалы ауруы бар,
Орныңнан түнде тұрып елірмесең?
Оңғар:
Кей-кейде әдетім бар елеурейтін,
«Бітір, – деп, – қажетімді!» жеделдейтін.
Күтініп,
кең салып жат төсегіңді,
Қонақтан дәмең болса, «Келер» дейтін.
Қалмасын қатарыңның көңілі ренжіп,
Нәрсе жоқ өзгеріліп, «көнермейтін».
Ырысты қыз:
Күте бер,
олай десең, «көнергенше»,
Тілеуқор болып сырттан өле-өлгенше.
Болмаса, адал жолмен ізденсейші,
Қол жайып көрінгенге, тіленгенше.