261
Айтыс II том
Қасыма, сірә, жақын келіп пе едің?
Берген соң Құдай өзі шараң бар ма?
Шай емес, шекер мен бал мен ішкемін.
Мен шөлден адам көрдім әр білімді,
Бәрі де біліп жатыр қадірімді.
Ақындық ат
көтертіп ақырында,
Жайып тұр Қызылқұмға дәрібімді.
Болсын деп үлкен жолың өзгелерден,
Ат, түйе, мықтап берді нәзірімді.
Мен көрдім өнерменен пайда құмнан,
Мен пайда таптым өнер жиғанымнан.
Ат міндім, ат жетелеп – бәрі де рас,
Қоңырат, Арғын, Қыпшақ, Найманымнан.
Ат тонын алып едім, біліп айтшы,
Қай бегі, қарақалпақ қай байыңнан?
Сөзімнің енді келді салмақтары,
Айтамын мысалменен аңғартқалы.
Жете алмай,
мысық тұрып айтқан екен,
Сасық деп жайған етке шаңырақтағы.
Сен Сырдың шөбін, суын кеміткендей,
Бау-бақша бар ма шөлдің шарбақтары?
Суырып ысырапыл тартқандай-ақ!
Бұрқырап, дауыл тұрса, шаң қаптады.
Көп қойдың жатақтағы құмалағы,
Желменен құдығыңа домалайды.
Шықса да, әр қауғадан қырық құмалақ,
Амалсыз содан барып, су алады.
Ыстыққа
шыдай алмай, суын ішіп,
Сорлылар суық-ақ деп қуанады.
Болғанда Сырда дария, бұлақ – тауда,
Құдыққа атпен салған құмға қауға.
Өлшеумен су аласың, арқан салып,
Тартысып, қара жермен қылып сауда.
Қызылда жүрген елдің көзі ашылмай,
Өмірі өтіп кетер жанжал-дауда.
262
Қазақ өнерінің антологиясы
Жапанда жүрген
елсің отар малдай,
Я Бұхар, я Түркістан, Қоқан бармай.
Мырзаңның таңдап алған ақ білегі,
Құйқалақ кірлі мойын тоқалдардай.
Жарығы табанының тоқсан тілік,
Зырлайды жалаң аяқ от арбадай,
Шалағай келер өңшең бойдақтарың.
Үстіне бар тапқанын киіп алып,
Шабады шала өлтіріп тойда аттарын.
Көрінсе, сен сияқты жарық табан,
Тұрады қоқырайып қой баққаның.
Бұл сөзді саған айттым сынағалы,
Долданып отырмысың жылағалы.
Ақ көйлек
алтын ілгек біздің елдің
Әйелі киер барқыт қынамалы.
Сан алуан тазалықтың парқын білер
Пакиза не қылғанмен Сыр адамы.
Тек көйлек қатындарың жамап киіп,
Жылтылдар жыртығынан шығанағы.
Барабар алыстағы Сібірменен,
Қыс қоймен Жетіжалға лағады.
Сен Сырға кедейсің деп, сын тағасың,
Әр сөзбен ажыраттың жұрт арасын.
Ақылың болса, алдына асу сөздің
Өткердің пернеменен бір парасын.
Елімде жақсымын ба, жаманмын ба?
Сен жаман дегенменен кемідім бе?
Болсам да,
Сырға қарсақ, шөлге келіп,
Арыстан, аю болдым саған мұнда.
Үнемі жүйрік, шебер үлгіліңмін,
Өнерім сен көрмеген тағы алдымда.
Айтасың бозбаланы сыртымдағы.
Ұмтылса, сен қой деме, жұрт ұрғалы.
Деген сөз ерегіссе, ер өледі.
Тілімнің қорқып қиын құр тұрмағы.