Ғалы, Ғали, Әли, Әли ибн Әбу Тәліп – әділ халифтердің төртіншісі және
соңғысы. Шын аты-жөні – Әбу-л-Хасан әл-Мұртада. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.)
немере інісі әрі күйеу баласы, қызы Фатиманың күйеуі. 656 ж. Осман өлтірілгеннен
кейін халиф болып жарияланады. Тарихта Әли ибн Әбу Тәліп сунниттер үшін
қарапайым пенде, батылдықтың, қайырымдылықтың өнегесі ретінде қалса, ши-
иттер үшін ол Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) тікелей мирасқоры, оның аллаһпен
байланысын жалғастырушы. Кейбір шииттік секталарда Әли ибн Әбу Тәліпті Құдай
мәнді адам деп біледі. Қазақтар арасында Әли ибн Әбу Тәліп есімі «Әзірет Әлі»
(Хазірет Әлі) тұрғысынан аталып, үлкен құрмет көрсетіледі. Бірақ Құдай мәнді деп
қабылдамайды, сунниттердің ұстанымында Құдай − біреу, ол – Алла.
Дереке (Дербісәлі) – патшадан полковник шенін алған, ел-жұртқа белгілі бай
адам. Тегі: Кіші жүз, Жағалбайлы. Балалары: Лайық, Барлық.
Домақ – адам аты.
Домалақ ене, Нұрила (1378, Түркістан қаласы – 28.5.1456, Қаратау, Балабөген
өзенінің жағасы) – би әрі батыр Бәйдібектің кіші тоқалы, Ұлы жүзде әулие, көріпкел
атанған. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі, әкесінің есімі − Әли Сы-
лан, шешесінің есімі − Нұрбике.
Жанақ Сағындықұлы (1770, қазіргі Шығыс Қазақстан обл., Абыралы ауд. –
1846/1856, Қарағанды обл., Нұра, Төре ауылы) − «Қазақ әдебиетінің тарихында»
Жанақ Сағындықұлының өмірбаяндық деректері 1770 –1856 ж. деп, ал туған жері
бұрынғы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі Темірші болысы, қазіргі әкімшілік-
аймақтық бөлініс бойынша, Қарағанды обл. Қарқаралы ауданы (4-том, 2005, 152-б.)
деп берілген.
Жарықшақ – Бәйдібектің кіші тоқалы Домалақ енеден туған ұл, шын есімі −
Тілеуберді.
Жиренше (т.ж.?– қ.б.ж.?) – Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан (XV–XVI ғ.)
тұсында өмір сүрген атақты шешен. Жиренше шешен есімі түркі халықтарының
арасында ақыл, парасаттың үлгісі ретінде қабылданды.