Айтыс II том «КҮлтегін»


Шүлен – мырза, дарқан, жомарт кісі. Шүлен таратты – барын мырзалық етіп  үлестірді. Шытыр



Pdf көрінісі
бет167/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   181
Шүлен – мырза, дарқан, жомарт кісі. Шүлен таратты – барын мырзалық етіп 
үлестірді.
Шытыр − сортаңдау далада өсетін гүлі ұсақ шөптесін өсімдік.
Шығуана /а/ − мезі болу, ығыр болу. 
Ілескер Құсбегі – Қоқанның әскер басы, бегі деген мағынада. 
Янды – қайтты.


382
Қазақ өнерінің антологиясы
ТАРИХИ 
ЕСІМДЕР
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (29 шілде (10 тамыз) 1845, қазіргі Шығыс 
Қазақстан обл. Абай ауд. Қасқабұлақ жайлауы – 23 маусым (6 шілде), 1904, сонда, 
Балашақпақ жайлауы, бейіті Жидебайда) – ұлы ақын, философ, ағартушы, компо-
зитор. 
Абылай хан – Әбілмансұр (1711/1713 − 23.5.1781, Оңт. Қазақстан обл., Арыс 
жағасы) − ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі – Жошы 
хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей 
бойлы Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. 
Ағыбай (XIX ғ.) − Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтеріліс кезінде ерекше 
ерлік көрсеткен халық батыры. 
Ақшабай - шын аты Түгелбай.
Алтынсары – қазақтың алғашқы ағартушыларының бірі Ыбырай 
Алтынсариннің әкесі.
Атымтай жомарт – Шығыстың фольклорында кездесетін кейіпкер, өзінің 
қайырымдылығы мен жомарттығына сай аты жайылған, VI ғасырда өмір сүрген 
деген жорамал бар. Түп-төркіні тай тайпасының ақыны Хатим ибн Абдаллаһқа 
(Хатим-тай) тіреледі. 
Аухат – пайғамбар.
Әжібай Найманбайұлы (1699 − 1779) – Албан руындағылардың 
ұранына айналған батыр. Дулат Өтеген батырмен бірге Жетісу жерін жоңғар 
шапқыншылығынан азат етуге атсалысқан. 
Әзірет Әлі − Мұхаммед пайғамбардың күйеубаласы, ислам дініндегі әділ 
халифалардың төртіншісі, аты аңызға айналған батыр. Әзірет Әлі қазақтардың ис-
лам дінін қабылдауымен батырлардың қолдаушы киелі піріне айналған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет