Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет168/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   181
Әуелеке, Әуел – Сарының бір ұлы.
Байзақ, Байұзақ Мәмбетұлы (1789, Тараз − 1864, Шымкент) – Қазақстанның 
оңтүстік өңірінде Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық 
күресті ұйымдастырушы батыр, Тараз қаласында елді отырықшыландыруға көп 
күш жұмсаған. Тегі: Ұлы жүз, Дулат.
Батыраш Әбутәліп – Мұхаммед (с.ғ.с.) әкесі Абдуллаһ ол дүниеге келме-
стен бұрын қайтыс болды. Атасы Әбдімүтәліп немересінің аты көкте де, жерде де 
мақтаулы болсын деп Мұхаммед (с.ғ.с.) деп қойды. Арабтарда бұрын-соңды мұндай 
есім болмаған еді. Кішкентай Мұхаммедті (с.ғ.с.) анасы Әмина күйеуінің қабіріне 


383
Айтыс II том
зиярат етуге және Мәдина шаһарында тұратын төркіні Бәни Нәжжар әулетін көріп 
қайту үшін сапарға алып шығады. Қайтарда ол кенеттен қатты науқастанып, көп 
ұзамай, жолда көз жұмады. Жетім қалған баланы атасы Әбдімүтәліп бауырына ба-
сады. Бірақ ол арада екі жыл өткен соң дүниеден озады. Осыдан кейін пайғамбарды 
(с.ғ.с.) сегіз жасында көкесі, әкесі Абдуллаһтың туған бауыры Әбутәліп бауырына 
басқан. 
Бәйдібек – Жетісудағы Сарыүйсін, Ошақты, Шапырашты, Ысты, Албан, Суан, 
Дулаттың бабалары. Үйсіннен – Ақсақал (Абақ), одан – Қараша би, одан Бәйдібек 
тарайды. 
Бәйтік – қырғыз манабы.
Бәтіш – М.Әуезовтің «Түнгі сарын» пьесасындағы Жүзтайлақтың прототипі, 
яғни шығармаға негіз етіп алынған. Онда Бәтіштің калыңмалына жүз ақ тайлақ 
берілген делінеді (филол.ғ.д., профессор Тұрсын Жұртбайдың анықтауынша).
Бекет Мырзағұлұлы (1750, Маңғыстау – 1813, сонда, Оғыланды) – батыр, 
әулие, ағартушы, сәулетші. Көпшілік Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді. 
Ғайса, Иса (б.з. 30 ж. шамасы.) – Құран Кәрімде оның Мәриямның баласы 
екені, оған Інжіл берілгені және Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың келетіні туралы 
хабар айтқаны және Алланың құлы екені айқын айтылған. Құран Кәрімде ең үлкен 
бес пайғамбардың бірі ретінде он бес сүренің тоқсан үш аятында Исаның есімі не-
месе сипаты аталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет