Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет33/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   181
Айтыс II том
Сарышолақ:
Әлімдегі наз бедеу,
Сұрасаң, болам бел Тілеу,
Жалтума болам содан соң,
Толқынданған боз селеу.
Бақи:
Шежіредей барлығын жіпке тізіп,
Жан екенсіз, өзіңнен сөзің қызық.
Ел кезіп, сендейлердің талайы жүр
Бірі − дұрыс, бірінің ниеті бұзық.
Сарышолақ:
Сұрасаң аты-жөнді, біздің жайды,
Сарышолақпын, баласы − Боранбайдың.
Саралап сөйлегенде өлеңдетіп,
Іші тар сіздей қыздар көре алмайды.
Бақи:
Жекейде толып жатыр нелер сахи,
Сұрасаң, менің атым − сұлу Бақи.
Жау іздеп жүретұғын Тілеу-Қабақ,
Шетінен найза ұстаған кілең ақи.
Сарышолақ:
Керекте найза аламын жауға қарсы,
Домбырамен топқа түсем нелер шаршы.
Әніме салғанымда «Тілеу-Қабақ»
Тыңдаған Кіші жүздің небір арысы.
Бақи:
Әніңді естіп жүрміз «Тілеу-Қабақ»
Көтібар өлді дейді Адай сабап.
Батыр болса, ел-жұртың қайда кеткен,
Қалмаған неге сонша арашалап?
Сарышолақ:
Бар ма еді біздің жақта өшің, кегің,
Қазымыр болар, бәлкім, түпкі тегің!
Мыстандай көпті көрген айтасың сөз,
Көтібар Маманды шапқанда ішінде бар ма едің?


104
Қазақ өнерінің антологиясы
Бақи:_Өзің_сары,_көрінер_көзің_шегір,_Ұқсайсың,_саудагерге_нағыз_жебір._Сұлудан_дәмең_бар_ғой_Бақи-сынды,_Қор_болар_сендейлермен_қандай_өмір_Сарышолақ'>Бақи:
Үлкендерден болатын қалған нұсқа,
Ән айтып, келіп қапсың біздің тұсқа.
Асаудай бас білмейтін бір езулеу,
Жігітсің-ау, шамасы, алып-ұшпа.
Сарышолақ:
Қыздарға жарасады берік ұстам,
Көңілім сіздейлерге алып ұшқан.
Дариға-ай, арман бар ма, жалғаншыда,
Өзіңді айдалада жеке құшсам?
Бақи:
Өзің сары, көрінер көзің шегір,
Ұқсайсың, саудагерге нағыз жебір.
Сұлудан дәмең бар ғой Бақи-сынды,
Қор болар сендейлермен қандай өмір?
Сарышолақ:
Саудам бар қыздарменен оңашада,
Батар ем оңашада тамашаға.
Кірпідей жиырыласың, түгің шығып,
Сұлуым, бұл өзіңе жараса ма?
Шегір болар жігіттің арыстаны,
Қалушы ед өлең сөзде жарысқаны.
Түніменен дөңбекшіп, іздегеннің,
Жақсы емес пе оңаша табысқаны?
Бақи:
Қалмады-ау, мына Тілеу соңымыздан,
Күн орнына түн туар оңыңыздан.
Сөзіңді естіп қалса ағаларым,
Таспа тілер, шырқыратып жоныңыздан!
Сарышолақ:
Сол ма еді келетіні қолыңыздан,
Таспа емес, арқан шығар қоңымыздан.
Ауылың, қорғаштаса ағаларың,
Қалайша құтылмақшы кәрі қыздан?!


105


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет