344
Қазақ өнерінің антологиясы
мейірбек кездескен соң тойда бүгін,
Көтерші ел мерейін сайрап інім.
найзаға сап болардай десем жаңа,
мықтысың дегенімді ойла күнім.
осал ағаш найзаға сап болмайды,
деп сөзін айтпасаңшы қайдағының.
Алдымен сөзді дұрыс ұғып алсай,
Бас десе құлақ деген қайран інім.
өзіңдей көтерем деп ұл беделін,
Артықтау кетсең дағы үндемедім.
Бір айтқан басымызды тағы айтып,
інімнің сүрінерін білген едім.
Шашым аз оны өзім де білемін ғой,
Бұл қалай қайта-қайта тілдегенің.
мейірбек мен де сендей жас кезімде,
Шашы жоқ бір ағама күлген едім.
ұмытпа ерте кеш пе өгіз күні,
Басына бұзаудың да бір келерін.
мен шықсам сахнаға нар атандай,
Жыбырлап сен де кепсің таракандай.
Қоқиланып отыруың жаман емес,
су ішіп, жемге тойған балапандай.
Ақынға халық құшақ жайған анық,
сондықтан сөйле сөзді сайлап алып.
Жер төресі атанған Алматының,
Шыға алмас шыңдарынан ай қамалып.
сол ортада екеуміз кездескенде,
Жүрмейік ұсақталып майдаланып,
Ал кәне, бала қыран қалықтай ғой,
детский льготыңды пайдаланып.
Достарыңызбен бөлісу: