346
Қазақ өнерінің антологиясы
Кешегі төле, Қазыбек, Әйтекенің,
орынын бүгінгілер баса алмай жүр.
Бидің сөзін айтатын билігіміз,
үйдің сөзін айтудан аса алмай жүр.
Кезінде тұлпар мініп жылқы баққан,
Қазаққа сөз болып па мылтық атқан.
ұлы отан соғысында бабалардың,
ерлігін ету керек ұлты мақтан.
Бақтыораз, төлеген мен Бауыржандар,
Фашистің шыбын жанын шырқыратқан.
Хиуаз, Әлия менен мәншүктер ед,
дұшпанның сай-сүйегін сырқыратқан.
рахымжан жеңіс туын желбіретіп,
Қуандық жеңіс жасын сүртіп аққан.
Азаттыққа апарар азапты жол,
Қазақты мың тұрғызып мың құлатқан.
маңдайыңа жазылған тәуелсіздік,
маңдай тердің өтеуі шылқып аққан.
ібіліс кеп іріткен ішімізді,
не пайда сымбатыңнан сырт ұнатқан.
Жасағаннан қол жайып тілейтінім,
Жасанды сақтай көрсін жылтырақтан.
ошақтағы отымыз сөнбесе екен,
түтініңді түп-түзу бұрқыратқан.
Қазандағы сүттей боп ұйып тұрған,
Қазақты айырмасын ынтымақтан.
Достарыңызбен бөлісу: