Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет24/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   162
Дәулеткерей:
мен сiздi құрметтеймiн ардағымша,
талантты таразылап талғауымша.
Бал-бұл жанып барады екi бетiң,
сақталған сабандағы сар қауынша.
Келiншектен таяқты жедiм дейсiң,
ол дағы құдiрет қой Алла қылса.
Көкеннен соң Көкшеде кәрi ақынсың,
Жиналған құрметiңе ел залға мұнша.
Кеу-кеулеп өзiңе-өзiң айқайлайсың,
Бұрынғының серiсi, салдарынша.
Аман-есен айқайлап айтыса бер,
Қақиып қатқан қара болғаныңша.
төбеңде төңкерiлген бөркiң – аспан,
Көкшетау – келбетiң мен көркiң асқан.
наурызбайға сен менi теңеп жатсаң,
Хан Кене ағасына сертi ұнасқан.
Көкшетау қасиеттi мекен екен,
Басынан замананың дертi қашқан.
сол батырлар аруағы емес пе едi,
Қолынан жауларының еркi қашқан.
тектiден қалған тұяқ сiздерсiздер,
Қасиеттi қазандай кемпiр асқан.
осы батыр бабалар баяғыда-ақ
Азаттықтың түңлiгiн желпiп ашқан.
ерiне айтпайды ма ел мiнажат,
Қайтейiн қайтармалап елдi қажап.


61
Айтыс VI том
манасшылап кеткенде Баян ағам,
ешкiмге бола қоймас ендi мазақ.
Қабырғасын ел үшiн қайыстырған,
ерлерiң көрдi емес пе қорлық, азап?!
Баба көрген қорлықты бала көрмей,
Керемет бостандық күн келдi ғажап.
осыншама опасыз тағдыр кешкен,
сорлы қазақ сол болсын соңғы қазақ.
Басымнан сыпырылса ақ томаға,
Шабытқа Баян ағам шақ бола ма?
Аталардың арманына бiздер жеттiк,
Құдайым, бұдан асқан бақ бола ма?
Баянғали:
Бұл iнiм барлық елден ерек шығар,
ойы да алабөтен, зерек шығар.
Ағасын қауын дейдi мына бауыр,
Бауыр десең бiрақ та бөлек шығар.
 2002 жыл.
МҰХАМЕДЖАН МЕН ДӘУЛЕТКЕРЕЙ
Мұхамеджан:
Алдырған ат жіберіп хан қараны,
Қазму-дың желбіреп тұр тал-дарағы.
Бүгінгі айтыс халыққа қуат берсін,
Хат келіп қуанқандай қарт ананы,
Ассағалаумағалейкүм, бармысыздар,
Алматының марқасқа, марқалары
мұзда жатып шираған мұзбалақтай,
Жақсы атаның бүгінгі жаңқалары.
Жібек артқан шығыстың керуеніндей,
Ақындар келіп жатыр Арқадағы.
Жетісу – жерұйығым болған кезде,
сарыарқам – берекенің сар табағы.
Алматым мен Астанам ақ ордадай,
екеуі де ел жұртқа қамқор әлі.
екіленіп қол соғып отырыңдар,


62
Қазақ өнерінің антологиясы
екі қолды шығарып қалтадағы.
дәл бүгін ақындардың ақ жырымен,
Қос нүкте қосылып тұр картадағы.
Болғанда ойым - орақ, тіл – ұстарам,
Қайырлы сөзден қалың ырыс табам.
Астана – азат елдің мақтанышы,
Күн сайын бой түзеген күміс қалам.
Жақсы-жайсаң қош келдің Алматыға,
Жайындай судан шығып тыныстаған.
Ақындарды мырзағам бастап кепті,
Хан тезектей қасына би ұстаған.
Хан тезектен ағамның артық жері –
тұлға ғой сын сағатта ту ұстаған.
заманында түбек пен сүйінбайлар,
Айтыста інжу-маржан уыстаған.
солардың соңындағы ұрпақ едік,
Жорғадай жүрістерін дұрыстаған.
Ал, халқым ақындарың келді алдыңа,
Қақпан ауыз, қанжар тіс, құрыш табан.
Айбындарын көрсетіп кетсін бүгін,
Жолбарыс жолықса да жылыспаған.
өрісі өнерлінің кең көрінер,
Бір ауыз сөзден кейде ел бөлінер.
тұтастай тұлғалы сөз арнамақ боп,
тұс- тұстан келген екен ең бөрілер.
Ассалаумағалейкүм дәулеткерей,
теңселіп кеп жорғамен теңге ілер.
Қаршығалық қасиет көрсет бүгін, 
Көк қамысты қайырып көлге кірер.
зеріктіріп алмайық жұрттың бәрін,
зейінін қойып отыр зерделілер.
өнердегі өмірің ұзақ болсын,
ер жігіт көп әйтпесе ерге мінер.
найзағай боп жарқ ете қалғанымен,
найзадай боп бір сәтте жерге кірер.
дәулетжан, сөзің шырын бүгіндері,
иманың байқалып тұр түріңдегі.
нар қамыстай жігіттің егесі едің,
тарамыстай тартылған сіңірлері.


63
Айтыс VI том
Кеудеңді кеулеп сөздер тұрған шығар,
тас тесетін тамшыдай үңгірдегі.
үңіліп әйтпесе сен қарар ма едің,
үкінің баласындай іңірдегі.
Жартасты биіктегі жай ұрғандай,
Жап-жасыл жалынына шайынғандай.
Ақыным деп шығарғасын жарқылдайық,
Ақылына тақымы сай ұлдардай.
Жүректерді жүгендеп алмай болмас,
тағыны тастан қуып қайырғандай.
сорпасын сөздің бүгін шығарайық,
тортасын сары майдың айырғандай.
сананың саңылауын дәл табайық,
Кірпіштің кетігіне лай ұрғандай.
Көрермен көзін алмай тыңдап қалсын,
Көдеге көктемгі төл жайылғандай.
сәлделі Фарабидің ордасындай,
сәулелі ойыңды айт шайырлардай.
Шөлдеген жұртты жырға қандырайық,
Шілдеде шірнесі аққан қайыңдардай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет