Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет26/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   162
Мұхамеджан:
дәулетжан, сөздеріңді базарлы айтып,
Ақынбыз отыратын сөз арбатып.
дәулет інім шоғымды көсеп жатса,
Қайнамайды дәл бүгін қазан қайтіп?
тізбектеп, өмір жолды мақтап, матап,
Бөркімді жібердің- ау қазандай қып.
Жүруші ем жақсылыққа жаршы көріп, 
Жасайық айтысқанда аңшы жорық.
ол рас Астанаға жібергенбіз,
мәртебеңді биіктетіп аршы көріп.
Алматыда тілінген таспа едің,
Астанадан оралдың қамшы болып.
Алматыда иірілген асық едің,
оралдың тұрар сақа алшы болып.
Алматыдан көтерілген ақ бу едің, 
Астанадан оралдың тамшы болып.


66
Қазақ өнерінің антологиясы
сөз қылсаң осы екі шаһар жайын,
Қарағаймен бірге өскен қатар қайың.
Алматы ішіндегі шекпен болса,
Астана сыртын жапқан шапандайын.
Алматы жұмыртқаның ағы болса,
сарысы Астана деп мақалдайын.
Алматы – ұстаз, ал Астана – шәкірт еді,
Шәкірт озса қуанып жатар дәйім. 
Алматы мұрт болғанда ал Астана,
соң шығып мұрттан озған сақалдайын.
Және бұл жағдайға да таң қалыңдар,
мойындайтын шындық бұл бар ғалымдар.
өмірде өзектесіп, сабақтасып,
Бірге өткен көз алдында сан дарындар.
Қазму-дың қалашығын салып кеткен,
Жолдасбеков өмірбектей заңғарың бар. 
ірге тасын еуразияның қалап жатқан,
Жолдасбеков мырзатайдай тарланың бар.
мырза ағам өмекеңнің шәкірті еді,
ұстаздың ұлағатын аңғарыңдар.
екі орданы көтерген екеуіне,
Абырой атақты да тең жарыңдар.
Байқашы елім не деген бақытты еді,
Жолдасбектей қарттардан қалған ұлдар.
он жылда ұтылғаның, ұтқаның бар,
Бұл өзі уақыт емес ұлт дамылдар.
Аңғарсақ, Алматыдан Астанаға,
Ақыл ауысып, ырыстың жұққаны бар.
елордалық ілімнің іргетасын,
Алматылық ғалымдармен нықтадыңдар.
мырзекең еуразияда жүргенімен,
Қазму-лік қайраткер деп жұрт қабылдар.
ғалым мен дарындарды сөз қылсақ та,
осында жатыр бүгін түп-тамырлар.
Астананың ажарын ашып тұрған,
Алматыдан аттанған сырттан ұлдар.
еуразияның еңсесін көтеріп тұр,
Қазму-дың кеңсесінен шыққан ұлдар.


67
Айтыс VI том
Артықтығы жоқ бірақ елден елдің,
Артықтығы жоқ бірақ ерден ердің.
ол рас, алақанға салар сені,
төркіндеп бүгін дәулет төрге келдің.
төркіндеп келгеннен соң Алматыға,
Алдында жүрші лайым көмбелердің.
Біз сені құрметпенен қарсы алармыз,
Пиғылын танытпастан пенделердің.
Қылығыңа көз тастап отырайын,
Құдығыңа су ішкен сен де келдің.
Бірақ та құдығына түкірмейтін,
Келісті тұқымы едің кер төбелдің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет