Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет32/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   162
Дәулеткерей:
мұхаметжан тереңге бойлағасын,
мені де бос екен деп ойламасын.
Айтарыңды сен айтып қалып жатсың,
суып бара жатқандай қойған асың.
Әрине ұлт бірлігі – ең бірінші,
Қызығып соған көктен ай қарасын.
елбасына денсаулық Жаратқаннан,
Жұртымыздың жағдайын жайлағасын.
Әкімдердің құлағына алтын сырға,
Халықпен «ханталапай» ойнамасын!
екеуіміз енші алмаспыз елден бөлек,
Азаматсың қашанда төрге өрлемек.
демеймін жарысқанда сайысқанда,
Әркімге жеңілгеннен жеңген керек.
Астанадан сағынып анда-санда,
Қауышып біз тұрайық сендерге кеп.
мұхамеджан әлі де кездесеміз,
Білесің ғой, қашаннан жер дөңгелек.
ЕЛМІРБЕК ПЕН АЙНҰР 
Елмірбек:
Амансың ба, ағайын,
Амандасып алайын.
Алатаудың суындай,
Ақтарылып ағайын.
Айтысқанда көрдіңдер,
Ақындардың талайын.
Арғымақтай арынды,
Ағындап бір шабайын.
Алдыменен, туғандар,
Ақындардың тұнығы,
Әйелдердің сұлуы,


80
Қазақ өнерінің антологиясы
Жыршылардың ұлығы,
Айнұрдың жайын табайын.
ынтыққан көңіл сіздікі,
сусаған жүрек біздікі.
үздіккен сезім біздікі,
Шөлдеген жүрек біздікі.
Бәрін халқым білесің,
Айнұр осы кімдікі?
Жарасқаның байқалар,
Келісіңде Айнұрым.
Піскендігің тәшкеннің,
Жемісіндей Айнұрым.
Бетіңді бері бұрсаңшы,
Жеті қабат жәннаттың,
Перісіндей Айнұрым.
Қашан болсын осындай,
Асыл едің, Айнұрым.
топты жарып шыққан бір,
Ақыл едің, Айнұрым,
Қасыңда біз жүргенде,
Жарқын едің, Айнұрым.
тараз бенен таластай,
Жақын едің, Айнұрым.
өзгеше нәзік жаралған,
Жанға ұқсайсың, Айнұрым.
Жоқ болмасын ешқашан,
Барға ұқсайсың, Айнұрым.
Шайға қосып ішетін,
Балға ұқсайсың, Айнұрым.
Бұлбұл құстай құбылтып,
сайрай беред демегін.
Айнұрды елмір көргенде,
Жайнай беред демегін.
Әйел сыйлаған еркекпін,
Алтыным, кезек беремін.


81
Айтыс VI том
Айнұр:
таласқа былтыр барған ем,
от жағып сөзбен маздаған.
Барлығы маған ғашық боп,
тілегін айтқан аздаған.
таласта жігіт қалмаған,
Айнұрға өлең жазбаған.
Қыз көрмегендей қырғыздар,
Қырылып қала жаздаған.
Ақтабан шұбырындыда,
Шашылған ел ек тарыдай.
сол қазақ, міне, бас қосты,
Жат болып кетпей тағыда-ай.
Қабанбай мен Бөгенбай,
Ақжолтай батыр Ағыбай,
ұлыстың ұлы күнінде,
тілегімді бер, уа, құдай!
Арқаның жері, армысың,
Ақ орда тіккен Абылай!
Қасыма келген армысың,
елмірбектей тарпаңым.
Бес күн болды қонақсың,
төріне шықтың Арқаның.
демалғаның жетеді,
Қарымын көр қалқаның.
Алқындырсам деп едім,
Алдына шығып алқаның.
өзіңмен бүгін қосылып,
Көкпарын сөздің тартамын.
Қолымдакетіп жүрмесін,
Қоқырайған қалпағың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет