Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет54/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   162
Қазақ өнерінің антологиясы
Айналайын, Айбегім, 
сөзден бүгін үйіріп, 
Жыр шоқпарын иіріп, 
Көрінесің сапалы-ай. 
мәтел таба аласың, 
дәлелдейтін мақал-ай. 
ұрттап қойып кеседен, 
Қалың жауға қаһар-ай. 
сахнада батырсың, 
дей алмаспын жапал-ай. 
Актер дейсің саяси, 
оны жазып мақал-ай. 
Актерлерді Айбекжан, 
Ана менен атаға айт. 
Батыр болсаң, аттарын, 
ел алдында атап айт. 
Ағайын мына айтысты
Көретұғын қызық дер. 
Жұртқа өлең ұсынған, 
Жырдың өзін жүзік дер. 
Шын қаһарман болсаң сен, 
саясаттың қамалын, 
Қас батырдай бұзып бер. 
рахымжанның ұрпағы. 
Шекарасын шындықтың, 
Шебер тілмен сызып бер. 
өзің айтқан актердің, 
мұрынынан жетелеп, 
тізімдерін жазып бер?! 
Айбек: 
Байқасам, бұл мэлстің айласын-ай,
сөз айтып жақындайды, жай қасыңа-ай. 
саяси актерлерді тізіп берсем, 
Бұл халық қалағанын сайласын-ай. 
Ал мэлс, сұрағыңа жауап берем, 
Құлақ түріп тыңдасаң жайғасып-ай. 
Бірақ та ана жаққа кетіп жатсам, 
Бірге менімен көтергін пайдасын-ай. 


135
Айтыс VI том
сезінсе саясаттан жатып ызғар, 
Алмайды қазақ деген атымыз нәр.
Қарқарадай қарт Бұхар болмасақ та, 
дабыра ақын деген атымыз бар. 
тікелей эфиріңді пайдаланып
үш ауыз ханға айтатын датымыз бар. 
Алланың да алдында, заңыңның да, 
үш ауыз дат айтуға хақымыз бар. 
замананың зарлы үнін ханға айтуға, 
Ақиқатын ашатын дәтіміз бар. 
датымыз шекпендіге ұнамаса, 
міне бас, асыңыздар, атыңыздар. 
датымның біріншісі – тілім жайлы
ислам ілім тұтқан дінім жайлы. 
орысша, ағылшынша сөйле деген, 
Бүгінгі тірліктегі ұғым жайлы. 
тіл өшсе күні қоса өшетінін, 
Шенеуніктер неліктен ұғынбайды. 
Парламентте осыны ашып айтпай, 
Бостан-босқа бас изеп шыбындайды. 
Күні ертең ғаламдасу басталғанда, 
тілің өлсе болмай ма күнің қайғы. 
Бір намазды бес қазақ бес түрлі оқып, 
дінімнің де жағдайы бүгін қайғы. 
«Колорадо қоңызындай» миссионерлер, 
елімде сайран салып жымыңдайды. 
осыны заң жүзінде тоқтатпасақ, 
сектадан секта туып құлындайды. 
үйте берсек бар қазақ шоқынды боп
тас құдайдың жанында қыбырлайды. 
нұраға, тіл мен дінді көтеріңіз, 
Қызған темір суыса ұрылмайды. 
Әйтпесе, сырғып аққан уақыттың, 
Керуені кері қарай бұрылмайды. 
датымның екіншісі – жерім жайлы, 
Жерім деп еңіреген елім жайлы. 
өзгенің бодауында кетіп жатқан, 
Асқар тау, бел мен белес, көлім жайлы. 


136
Қазақ өнерінің антологиясы
Жерді сату – елді сату екендігін
ұқпайтын ел басқарған ерім жайлы. 
тірідей айырылған жер анадан, 
тірі жетім атанған шерім жайлы. 
Қазақтың жер алатын ақшасы жоқ, 
Жерге қарық қыламыз келімсекті. 
нұраға, осы жайлы ойланыңыз, 
Әйтпесе кешкелі тұр елің қайғы.
Күні ертең жаһандану зұлматында, 
Болмайды ма бір сүйем жерім қайғы. 
егініңді себетін жер түгілі, 
өлігімді көметін көрім қайғы. 
датымның үшіншісі – ауыл жайлы, 
Ауылда сорлап отқан қауым жайлы. 
..............................................................
Жабайы тірлік кешкен бауыр жайлы. 
үкіметтен ауылдар күдер үзген, 
Құдайдан басқа ешкімге жалынбайды. 
екі жыл «Ауыл жылы» дегелі де, 
Бітірген ісі жоқ, құр дабырлайды. 
екі-үш қана ауылды сылап-сипап
Бәрі де жақсы деуден жаңылмайды. 
өзіңіз аралап бір көрмесеңіз, 
үкіметтің ауыл деп басы ауырмайды. 
Жасалған көз бояйтын көріністі, 
сіз кеткен соң қайта жинап қабылдайды. 
нұраға, ауылдарды көтеріңіз, 
сонда ғана жанданып арындайды. 
үш жыл науқан дегенді тоқтатпасак, 
сорымыз одан сайын қалыңдайды.
«үш жылы» баяғыша «бесжылдық» боп, 
сорымыз одан сайын қалыңдайды. 
Жетпіс жыл орнамаған коммунизм, 
үш жылдың қырқасынан табылмайды. 
Шерлі жыр, шындықты айтсам шешілерсіз. 
нұр аға, ақиқаттың десі дерсіз. 


137


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет