Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет53/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   162
Айтыс VI том
Бұлқышов Баубек деген барыс балаң. 
Құланбай Көпішовтің очеркінде, 
Қырандай сағат ұшып қалықтаған. 
мұзафар, сағынғали сардарларың, 
еңсесін бұрынғыдай тік ұстаған. 
Жеңешемнің жеткізген сәлеміндей
Әбудің «Ақша бұлты» қалықтаған. 
майданда жырдың туын желбіретіп, 
Қасым Аманжоловтай нар ұстаған. 
туғызған батырлар мен ақындарды, 
мен қаһарман қазақпын қайыспаған. 
Айбек:
Ақынға жарасады білікті екпін, 
мэлс аға тепкішекті біліп тепкін. 
Айтып жатқан ойыңды айдалаға, 
Байқаймын онды-солды бұрып кеттің. 
Айтып отқан түсінбей сөз астарын, 
таныта алмай отырсың дұрыс екпін. 
Жастардың тіліменен айтқан кезде,
сөзді бұрып айдалаға қуып кеттің. 
соғыста ардагерді айтады ағай, 
сонда да ақ шапанды байқады ағай. 
Ардагерлер жасаған ерлік дедің, 
Асты-үстін шолып аға, жай шалағай. 
оданда ала алмаған пенсияны айт, 
отан соғыс тарихын қайталамай. 
озған ғой түркіміздің бірлігі жыр, 
Шаңырағы көк аспан, түндігі күн. 
сол түркінің бүгінде ұрпағы азып, 
Шайтанатқа айналды жүнді-жыбыр. 
опа таппай жалғанның базарынан, 
оңалмады-ау қазақтың тірлігі бір. 
еліме қаңғып келген келімсектің, 
Ақ таңы атып, көгінен күн күліп жүр. 
Батыс жақтың каңсығы таңсық болып, 
Айрандай ұйыған елді бүлдіріп жүр. 
Жастарымыз наркоман шұбырынды
Алқакөл сұлама боп, жын қуып жүр. 


132
Қазақ өнерінің антологиясы
тас құдайға табынған шоқындылар, 
исламның діңгегін сындырып жүр. 
мұнай, темір пайдалы қазбалардың, 
Қайда кетіп жатқанын кім біліп жүр? 
Жерімнің астын сатып, үстін сатып, 
үкімет жігерімді құм қылып жүр. 
Шет елде не бір талай Бейбарыстар,
Көкелеп елін аңсап шыңғырып жүр. 
Аты бар да заты жоқ қазақ тілі, 
орыс тілдің қолына су құйып жүр. 
Ал біздің ел басқарған азаматтар, 
Ағылшынша үйрен деп күлдіріп жүр. 
сайқал қоғам сорпасын сорға төккен, 
Қазақтың қасіретпен кіндігі бір. 
ұлықтар думан қуып есіріп жүр, 
Көрпені кеңге салып көсіліп жүр. 
Жер сатқан, жетім сатқан шенеуніктер, 
Қазақтың қай мерейін өсіріп жүр? 
Ал енді елді ойлайтын еңселі ерлер, 
тар қапас абақтыда өкініп жүр. 
Халықтың қазынасын қымқырғандар
Күмпиіп, ықылық атып кекіріп жүр. 
Қызметте бюрократ ағаларым, 
демократ атанып лепіріп жүр. 
Бір-бірден партиясын құрып алып,
ұшпаққа шығарам деп көпіріп жүр. 
Біздің кейбір депутат көкек құсап, 
Партиядан партияға секіріп жүр. 
Биліктің тұтқасында отырғандар, 
Жамбасы креслодан тесіліп жүр. 
Парламент те әйтеуір қуыршақ қой, 
Құлқынның қамын ойлап бекініп жүр. 
елді ойламау түгілі ана тілдің
Жаназасын шығарып өшігіп жүр. 
тас маңдай талабы жоқ бұл қазақтың, 
тағдыры сауналарда шешіліп жүр. 
Келіспей қоғамыңның бас терілері, 
Жылбыс қылық танытты жас перілері. 


133
Айтыс VI том
мәңгүрттік мекеніне апарады, 
тоңмойын топастықтың тас керуені. 
сайлаудың да науқаны жақындады, 
үміткерлер ал, енді, шаш теңгені. 
тағы да қалталылар сайланады, 
сценарийдің табылса сәтті өрнегі. 
елдің мұңын тыңдайтын ешқайсы жоқ
Ауыз ашсам тұрады тап бергелі. 
Біздің қоғам – осындай сазбет қоғам. 
Қазақ деген ұғымды жат көреді. 
Цементпен гримделген бетон беттер, 
саяси сахнаңның актерлері. 
не деген біздің қоғам сор басты еді, 
сор қазақпен мәңгілік жолдас па еді? 
Электронды әділ сайлау өтед дейміз, 
оған да бақыт құсы қонбас тегі. 
мөлдір жәшік қоямыз деп жатырмыз. 
ол жәшік те алғысқа толмас тегі. 
сайқалдықты меңгерген сұм саясат, 
оған да араласпай қоймас тегі. 
Айтыстағы телефон дауысындай, 
Жершілдік, жікшілдікті жоймас тегі. 
тарихта әділ сайлау болған емес
Байқаймын әлі де сол болмас тегі. 
Әйтпесе болыс болып Абай атам, 
Шоқандар аға сұлтан болмас па еді!? 
Мэлс: 
Көңілін қайтейін деп басып көптің, 
Ау, Айбек, алдымызда тасып кеттің. 
Бірімізді біріміз түсінбесек, 
Қайтеміз абыройын шашып көптің. 
сен маған қуасың ғой деп айтасың,
Жүргендей арасында тасып көптің. 
сауалына жауабын қайтарайын, 
Айтады әңгімені ашық деп кім? 
Ар жағын өзің ойлап біле берші, 
сен қуып отырғасын қашып кеттім. 


134


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет