232
Қазақ өнерінің антологиясы
менімен ерегеспе, кеңес енді,
Коммунизм қол созған белес еді.
дүние жимай кеткен,
жемей кеткен,
Қонаев Компартия кемесі еді.
Жамбылды Жамбыл қылған біле білсең,
Кешегі Компартия кеңесі еді.
Кеңеске жаба берме, жаман атты,
Аузың қайдан үйренген балағатты?
ол
заманда ашаршылық болғанменен,
Қазаққа құдай берген қанағатты.
сыртқы жаудан, ішкі жау басым болып,
Қазақты қазақ қана талап жатты.
Алашорда жалғауды армандаған,
Кенесары қалдырған аманатты.
Кәпір заман десең де,
ақыр заман,
Кеңесім бағалаған азаматты.
ол заманда, қазақты қазақ сатса,
Бұл заманда, қазақты қазақ атты.
Құба белді шаңдатқан құлагерім,
Ақ жүзіңді алмастай сынап едім.
Ақ пен қара айқасқан бұл айтыста,
туымды жыға көрме мына менің.
Жалғыз ұл деп ән салған Жүрсін ағаң,
өлеңімен байытқан жыр әлемін.
Желпінер
жеті балам болмаған соң,
мына отырған Жүрсіннің сыңары едім,
екі балам бар менің екі таудай,
Ал өзім шыңға біткен шынар едім.
Бес балам болмады деп қайғырмаймын,
ішінде өзің дара шырақ едің.
Бір
тілегін әкеңнің берер болса,
Балаларға амандық сұрар едім.
он балаға татитын сен аман бол,
мұң-мұқтажын жырлаған мынау елдің!
еркек – мүсін болғанда, әйел – айна,
Қалжыңды қанжығаға кәне байла.
тоқал алса қартайып тұрған жоқ деп,
233
Айтыс VI том
Аманкелді ағаң айтты және ойла.
Бір
айтыста әкеңе джип мінгізіп,
сен өзі жасап кеттің әдемі айла.
содан кейін жас тоқал әперем деп,
Қу бала қан жүгірттің және бойға.
Жандарбек жас тоқалмен кеп қалар деп,
мен жаттым Жетісуда дәмелі ойда.
ойпырмай тоқал да жоқ,
тоқаш та жоқ,
үн-түнсіз сен жоғалдың бәлен айға.
өтірік айтуды әкең үйретпеп ед,
Әй, бала, қу жүгірмек, уәде қайда?
Достарыңызбен бөлісу: