230
Қазақ өнерінің антологиясы
ұлтымның көш бастаған зиялысын,
Жау санап атып, айдап, асқан еді.
дінді
апиын санайтын большевиктер,
маркс пен Энгельстің әскері еді.
Құран бетін ашпастан бастарына,
маркстың капиталын жастап еді.
Атаң – маймыл, ал, шешең – шимпанзе деп,
Шежіре таратқаны масқара еді.
маймыл кімнен таралды деп сұрасаң,
Жалтақтап, жауап таппай сасқан еді,
Жер-ана
адамға енді табынсын деп,
тәкаппарлық шегінен асқан еді.
Күн көсемге ескерткіш сап әр қалада,
Бәрінің табынғаны тас боп еді.
Шошқа майы, шайтанның шайыменен,
оразасын орысша ашқан еді.
Азаттықты таңдайды ақылды адам,
Жөн болар, оған басты қатырмаған.
Кеңес пе сонда сенің көксегенің?
мұныңа келіспейді ақын балаң.
Құран, Алла, пайғамбар естен шығып,
Күнә бар ма сол кеңес батырмаған?!
Бір күнде
бес шақыру былай тұрсын,
Жетпіс жылда бір азан шақырмаған.
емдеуге бәрі тегін болғанменен,
өлгенге жаназа да оқылмаған.
мекке мен медине емес, мәскеу барып,
мовзолейдің тұсында топырлаған.
осыдан соң жақтайсың қалай ғана?
талғамыңа таң қалып отыр балаң.
Әкетай, сенің балаң бола алмайды,
Құдайды танымайтын соқыр надан.
тілегім қайта айналып келмесе екен,
Атеизм дейтұғын тақыр заман.
Бар иманды ұрлап ап жүрегімнен,
Кәлимамды айтқызбас ақыр заман.
мен
кінәлі емеспін, көне тусаң,
соңынан ленин шалдың ере тусаң.
231
Айтыс VI том
мен де біраз уәжімді айтайыншы,
Азғантай мұрсатыңды бере тұрсаң.
орыс тілін сіңдіріп сүйегіме,
Жетпіс жылдың жемісін жеп отырсаң.
сізден алған дәстүр ғой жастарымыз,
орысша сөйлегенді көретін сән.
мен бірақ, домбыра ұстап ақын болдым,
секілді ұлтқа сәуле төгетін шам.
Әкетай,
шыныңды айтшы не істер едің,
өлеңді орысша айтып, кеп отырсам.
«Ассалаумағалейкум, әке» демей,
«о, батя, здраствуй» деп отырсам.
Балаңның өткен күнде өші бар-ә,
тұлпардың қызып келеді еті жаңа.
Бала саны көбейіп осы күнде,
Қазақтың келе жатыр көші дара.
туыңдар-туыңдар деп тәтімов жүр,
Күйеу мен келіндердің есін ала.
Бұл дағы азаттықтың жемісі ғой,
Бұрылса берекенің беті жаңа.
Ал, сендердің заманың бір түрлі екен,
сиреген өкіл әке, өкіл ана.
Қой бақтым,
қой бақтым деп қопаңдайсың,
Бұл кісінің болыпты ау есі-дала.
Қошқар қылған ерлікті, сіз, қылмапсыз,
өйткені үйіңде бар екі бала.
Жүз қойдан жүз сексеннен қозы алсаң да,
Жетісіп таптырмапсыз жеті бала.
Достарыңызбен бөлісу: