236
Қазақ өнерінің антологиясы
елдің сөзін сөйлеуден ерінбеймін.
Жеңдің бе,
жеңілдің бе деп сұрайсыз,
Жаңағы сауалыңнан шегінбеймін.
сөзіңізге астарлап жауап берем,
Қалайша мәре жақтан көрінбеймін.
Әкемнен жеңілсем де осы айтыста,
Шешемнің күйеуінен жеңілмеймін.
мінеки,
біздің айтыс тәмам болды,
Батпаққа тастамассың балаңды енді.
Жеңдім бе, жеңілдім бе біле алмадым,
Әйтеуір шайқасуға шамам келді.
Айтақын өз баласын жеңді ғой деп,
Біреу іштен дауысын саған берді.
Жандарбек өз әкесін жеңді ғой деп.
Біреу іштен дауысын маған берді.
Бұл
айтыста өзімді емес, сізді де емес,
Ардақтап айтпаймын ба анамды енді.
Бір емес, екі ақынды баптап жүрген,
Әкетай, бұл айтыста мамам жеңді.
2010 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: