Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет107/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   162
Балғынбек:
Бізді шайқап жіберді ау, тапал Алшын,
сүйінбайға дес бермес Қатағансың.
мұхтаржан, екпініңді айттым мана,
Айтыста талайларды тапағансың.
Ақындар біз самсаған жұлдыздармыз,
Ал, Жүкең күн емес пе шапағы алтын.
Жүкеңді ататұғын дұшпан шықса,
Балғын оның жолына жата қалсын.
Жиенбаев ағам мен Жүрсін ағам,
«мемлекеттік сыйлық» деген атақ алсын.
Бір-біріне оқ атпай Бекежандай,
екеуі де сыйлықты қатар алсын.
Ағаңды балық қылдың, аю қылдың,
Ал, енді қоштасуға қайырылдың.
дес бермес сендей мықты қарсыластан,
менің де келмей отыр айырылғым.
Қоштассақ, қоштасайық көрерменмен,
Желкенін түсірейін қайығымның.
Бірлігі бөлінбесін деп тілеймін,
іле, сыр, ертіс, есіл, Жайығымның.
мен де тұрып қағайын арқасынан,
Қол түгіл жол беруге лайық ұлдың.
Бағасын шапалақпен беріңіздер,
той бастаған қос бірдей шайырыңның.
 2012 жыл.
БЕКАРЫС ПЕН ШЫНБЕРГЕН
Бекарыс:
ерлері елді аузына қарата алған,
тапқанын жақсылыққа жарата алған.
Ассалаумағалейкүм, ас берген ел,
Ақшатауға аттанып алатаңнан.
зарығып осы айтысқа жеттіңдер ме?
Адамдай алты айдан соң жалақы алған.
топқа түсіп отырмын тәуекел деп,
мәпелеген ұлың ем балапаннан.
Қызығыңды бөлісіп көбейткелі,
Жолға түстім киелі Қаратаудан.


294
Қазақ өнерінің антологиясы
Арқамды бір қоздырып қайтайын деп,
Аралдың жұрты соқққан алақаннан.
Шынберген, аманбысың иық керген,
ішіне қанша сөзді түйіп келген.
Әр ауылда айтады өлеңіңді,
Беделің көрініп тұр биіктерден.
Ақшатауға үй тігіп бүгін ғана,
Қауышып қайтыпсың ғой сүйікті елмен.
Атасының асынан қалмайын деп,
Аса қымбат тойларын қиып келген.
сөйлесе жарасады шайыр нақты,
Қызықтан Құдай бізді айырмапты.
Аса құнды асаба болғандықтан,
Жұрт сен жайлы көп нәрсе пайымдапты.
мен келмей қала ма деп қам жемепті,
сен келмей қала ма деп уайымдапты.
Ал, енді Шынбергенге сөз берейін,
Ақыры Аралға кеп қайырлапты.
Атасының тойына көрейікші,
Қанша қап аталы сөз дайындапты?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет