228
Қазақ өнерінің антологиясы
өзіңдей
отыз ұлы болғанынша,
Кемпіріне қымбат қой осырақ шал.
дұрыстап тыңдап алшы, ақын балам,
дұрыс қой әке сөзін мақұлдаған.
Абай қарсы келмеген Құнанбайға,
Шариғатты жетік білген һакім данаң.
Кеңесті келемеждеп неғыласың,
текедей теріс келіп бақылдаған?
ол
заманда оқу деген тегін болған,
октябряттың таңдайы тақылдаған.
тегін барып дем алып «Артегіне»,
Пионерлер алау жаққан лапылдаған.
Құрыш қанат комсомолдар «БАм»-ды салып,
сібірде найзағайдай шатырлаған.
Қан құйлы фашизмнің көзін жойған,
Коммунистің барлығы батыр адам.
секретарлар сертіне берік болған,
өтірікті судай ғып сапырмаған.
Банктер кредитке қарыз беріп,
Халықты белшесінен батырмаған.
дәрігерлер
халықты тегін емдеп,
Аурулар ақша іздеп аһ ұрмаған.
Халықтың кені, жері, қазынасы,
сәбиі де шет елге сатылмаған.
ол кезде мына менде шопан болғам,
Білесің, үйде тыныш отырмағам.
Жүз қойдан жүз сексеннен қозы алғанбыз,
Қора толы мал болған топырлаған.
Қай
заман жақсы екенін осыдан ақ,
Ажыратып алады ақылды адам.
сүйене берме, балам, тіл-жағыңа,
Білдің ғой шешең шығар кім жағына?
Бейбіт күнде айтысың тұншығып қап,
Бөгет боп тұрған жоқ па жырлауыңа.
Колбиннің тұсында да біздің айтыс,
түспеген
саясаттың шырмауына,
Алаштың ақ жаулығы қайран айтыс,
Айналды ау шекпендінің шылғауына!
ол кезде Компартия жалғыз болған,
Әр сөзінде болатын бір мағына.
229
Айтыс VI том
он партия жиналса осы күні,
тұрмайды Компартия тырнағына.
орақ пен балға болған сол партия,
Халыққа жайлы болған ол партия.
Біздегідей
бас-басына билік құрып,
ол кезде болған емес мол партия.
Ақ жалау, қызыл жалау, жасыл жалау,
одағай болған емес он партия.
Бес жылға жоспар жасап, іс
қылатын,
Халыққа беделі бар зор партия.
он жылға жоспар жасап қойған дей ме?
«нұр отан» аты дардай шоң партия.
Жас бала қадіріңді қайдан білсін,
сағынып кеттім сені, компартия!
Достарыңызбен бөлісу: