Айєабыл сјнімкїл


) Шапшаңдық дамытуға арналған ойындар



бет5/6
Дата06.02.2023
өлшемі58,5 Kb.
#65520
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ПС.Ойлау қаб.ойын.дам

6) Шапшаңдық дамытуға арналған ойындар
Көпір. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға көз байлайтын екі орамал керек. Ойын басқарушының нұсқауымен көпір жасайтын екі баланың көздері байланады. Олар біріне бірі қарама-қарсы тұрып, қолдарын созып «көпір» жасайды. Олар көпір жасағанда тек саусақтарының ұштарына тигізіп қана тұрады, қолдарымен ұстаспайды.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ:Қалған балалар осы қақпадан бір-бірлеп өтуге тиісті. Көпірден өткен кезде ұсталған бала өзін ұстаған ойыншымен орындарын ауыстырады. Ойын шарты бойынша басқа ойыншылар көпірдің астынан білдірмей өтуге тырысады. Ойын соңында көпірдің астынан көп өтіп, қолға түспеген балалардың аттары аталады.Екі топқа бөлініп те ойнауға болады. Ойын барысында, қай топтың балалары аз ұсталса, солар жеңімпаз атанады. Бірақ ойын барысында екі команданың ойыншылары көпірдің астынан кезектесіп өтулері тиіс.
Шырмауық. Ойнаушылардын санына шек қойылмайды. Балалар өзара қол ұстасып шеңбер бойына қатарға тұрады. Олар оңға, не солға шеңбер бойымен айнала қозғала бастайды.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ: Ойын басқарушы: Аш қасқырым, ап, деп айналдыру бағытын өзгертеді
Асау мәстек. Ойынды өткізу үшін күні бұрын арасы 1,5-2 метр, биіктігі бір метр екі бөрене жерге қағылады. Енді екі бөренені үш-төрт рет айналдыра тартып арқан керіледі. Жерге бір-екі тақия тасталады. Осы жасалған құрал «асау мәстек» деп аталады. Арқан үстіне көрпешік төселеді. Ойнаушылардьщ санына шек қойылмайды.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ: Ойынды басқарушы ойыншыларды шақырып:
Ер екенінді білейін,
Ешкі сойып берейін.
Тақия алсаң еңкейіп,
Кұламасаң теңкейіп,
Ерлігіңе сенейін,
- деп қайталайды. Енді, ойын басқарушының белгісінен соң, кез-келген ойыншыға асау мәстекке мінуге рұқсат етіледі. Ойын басқарушы асау мәстекке мінетін ойыншыға ойын шартын түсіндіреді. Ол асау мәстекке атша мініп отырып, рұқсат берілгеннен кейін, енді жерден тақияны алуға бағын сынайды. Басқарушы ойын қорытындысын шығарғанда, қай ойыншы ережені бұзбай, үш кайталымнын қорытындысында тақияны жерден көп рет көтеріп алса, сол ойыншы жеңімлаз атанады. Және одан кейінгі ойыншылардың жүлделі орын-дарын анықтап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет