Қожа Ахмет 930 жыл Яссауидің туғанына
Сұлтан 800 жыл Бейбарыстың
туғанына
Төле бидің туғанына 360 жыл
Бұқар жырау 355 жыл Қалқаманұлының
туғанына
Махамбет 220 жыл Өтемісұлының
туғанына
Шәкәрім 165 жыл Құдайбердіұлының
туғанына
Мәшһүр - Жүсіп 165 жыл Көпеевтің туғанына
Спандияр Көбеевтің 145 жыл туғанына
Жүсіпбек 135 жыл Аймауытовтың
туғанына
Мағжан 130 жыл Жұмабаевтың
туғанына
Сұлтанмахмұт 130 жыл
көрнекті ақын-жазушысы, ақылойшысы, демократ ақыны
Ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері
Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, партизан-жазушы, Ұлы Отан соғы-сының ержүрек батыры
Қазақ жазушысы, редакторы. Ұлы Отан соғысының қатысушысы
Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басшысы, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі, жазушы
Мәдениеттанушы ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, Мұхтар Әуезов Қорының Президенті
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, жазушы, драматург
Торайғыровтың туғанына
Сәкен Сейфуллиннің 130 жыл туғанына
Қасым Қайсеновтің 105 жыл туғанына
Кемел Тоқаевтың 100 жыл туғанына
Ғафу Қайырбековтің 95 жыл туғанына
Мұрат Әуезовтің 80 жыл туғанына
Жазушы Оралхан 80 жыл Бөкейдің туғанына
Абай күні
Жыл сайын 10 тамызда Қазақстанда Ұлы қазақ ақыны, ойшыл, ағартушы, жазбаша қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ Абай күні атап өтіледі. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың туған күні (1845 жылғы 10 тамыз) «Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы № 495 қаулысына сәйкес ресми түрде Қазақстанда мереке күні болып атап өтіледі.
103
«Білім берудегі 1000 көшбасшы»
Білім беру жүйесін басқару мен көшбасшылықтың заманауиқұзыреттеріне ие білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадрлар резервінің моделі бойынша білім берудегі өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау қағидаларын әзірлеуді тапсырды.
2023 жылы «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадрлар резервінің қорын қалыптастыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жобаның мақсаты – орта білім беру жүйесін басқару мен көшбасшылықтың заманауи құзыреттеріне ие білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
Жоба ағымдағы жылдың маусым-желтоқсан айлары аралығында іске асырылады. Жоба шеңберінде үш деңгей бойынша оқыту, тағылымдама, әңгімелесу, қорытынды бағалау және сертификаттау жүргізіледі.
Кадрлар резервіне енгізілген кандидаттар білім беру ұйымдарындағы басшы лауазымдарға конкурстан өтпей тағайындалады. Лауазымға тағайындалғаннан кейін білім беру ұйымының басшыларын әдістемелік сүйемелдеу жүзеге асырылатын болады.
Жоба жаңа форматтағы басшылардың, білім берудегі өзгерістер көшбасшыларының кадрлық резервін қалыптастыруға, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан жаңа мектептерді дайындалған басшылармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
104
Орта білім беру саласындағы зерттеулер нәтижелерін жариялау және озық педагогикалық тәжірибемен алмасу
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім» (ғылыми-педагогикалық) және «Алтынсарин Академиясының хабаршысы» (әдістемелік) атты екі журнал шығарады.
«Білім» журналында орта білім берудегі ғылыми-педагогикалық зерттеулердің нәтижелері жарияланады.
Журналдың тақырыптық бағыты:
1) білім беру үдерісіндегі білім беру саясаты, инновациялар және цифрландыру;
2) орта білім берудегі менеджмент 3) пәндерді оқыту әдістемесі;
4) тәрбие теориясы мен практикасы;
5) білім беру жүйесіндегі психология мәселелері; 6) арнайы және инклюзивті білім беру;
7) үздіксіз педагогикалық білім беру.
Журналдың редакциялық саясатымен, жарияланым этикасымен, жариялау мерзімімен және ғылыми мақалаларды жариялауға қойылатын талаптармен толығырақ журнал сайтынан танысуға болады: https://bilim-uba.kz/
Достарыңызбен бөлісу: |