Академ и ясы



бет8/45
Дата14.09.2023
өлшемі6,15 Mb.
#107544
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57 (pdf.io)

9.2.1.1 (русский язык)
понимать открытую и скрытую (подтекст) информацию сплошных и несплошных текстов, соотнося заключённую в тексте информацию с информацией других источников/ личным опытом

В качестве материалов для текстов могут быть использованы электронные или мультимодальные тексты (с гиперссылками). Обучающимся необходимо интерпретировать, сравнивать и анализировать информацию из данных источников.

10.1.6 (английский язык)
organize and present information clearly to others

Цель направлена на развитие навыков презентации. Учитель обучает как организовать и оформить презентацию, выбрать ключевую информацию и донести ее до слушателей.


Оқытуда цифрлық құзыреттерді дамыту үшін пән мұғалімдеріне арналған ұсыныстар:
1)оқу процесіне цифрлық құралдар мен қосымшаларды енгізуді жоспарлау;
2)сабақтың тақырыбына немесе оқу бағдарламасының бөліміне қызықтыру және ынталандыру үшін ойын түрде оқыту әдістерін қолдану;
3) цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану;
4) шығармашылық жұмыстарды орындау кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Цифрлық білім беру ресурстарын дидактикалық мақсаттарға сәйкес сабақтың әртүрлі кезеңдерінде: жаңа материалды түсіндіруде, бекітуде және өзіндік жұмыста, қорытынды сабақта, қайталау кезінде және т.б. пайдалануға болады.

27
1.5 Инклюзивті білім беру ортасын құру



Инклюзивті білім беру ортасы барлық балалардың табысты әлеуметтенуі мен жұмысқа орналасуы мақсатында олардың білім беру қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру үшін оңтайлы жағдайлар жасауды көздейді.
Білім беру ұйымында инклюзивті білім беру ортасын құрудың негізгі шарттары:
- инклюзивті білім беру саласында нормативтік-құқықтық актілерді жүзеге асыру;
- ғимараттың сәулет-кеңістік тұрғысынан қолжетімді (кедергісіз) ұйымдастырылуы (оқу кеңістігін бейімдеу);
- білім алушылардың білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келетін материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жабдықтау (оқытудың арнайы құралдары);
- білім беру процесін дараландыру: бейімделген оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары; білім беру-тәрбиелеу әдістемелерінің, формаларының және құралдарының вариативтілігі және икемділігі;
- педагогтердің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге тұлғалық және кәсіби дайындығы (инклюзивті білім беру идеясын құндылықтар ретінде қабылдау, үздіксіз білім алу және өзін-өзі дамыту);
- «отбасы-мектеп-қоғам» жүйесінде инклюзивті білім беру процесі қатысушыларының өзара байланысы шектерінің кеңеюі.
Білім беру ұйымдарына инклюзивті мәдениетті қалыптастыруға назар аудару ұсынылады, себебі оның негізінде жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктері бар барлық білім алушыны қабылдау, сондай-ақ тұтастай алғанда инклюзия философиясы жатыр.
Педагог инклюзивті практикада мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарын (психолог, логопед, әлеуметтік педагог, арнайы педагог және т.б.) тарта отырып және ата-аналарды инклюзивті білім беру процесіне қоса отырып, білім алушыларды қолдаудың әртүрлі технологиялары мен стратегияларын қолдануы қажет.
Мектепте инклюзивті практика білім беру процесінің барлық қатысушыларымен, сыртқы серіктестермен (ПМПК, ППТК, ОО және т.б.), сондай-ақ инклюзивті білім беруді дамытуға мүдделі басқа ұйымдармен тығыз өзара байланыс кезінде іске асырылады.
Инклюзивті білім беру ортасын құрудың тиімді жолдарының бірі инклюзивті мәдениетті, инклюзивті саясатты және инклюзивті практиканы дамыту бойынша білім беру ұйымдарына тұрақты мониторинг (өзін-өзі бағалау) жүргізу болып табылады.

28
ІІ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



2.1 БІЛІМ БЕРУДЕГІ САБАҚТАСТЫҚ
Білім берудегі сабақтастық білім алушының бір білім деңгейінен екіншісіне ауысқан кезінде психологиялық және педагогикалық дайындығын қалыптастыруға бағытталып, толыққанды дамуын қамтамасыз етеді. Бұл сабақтастық бір деңгейден екінші деңгейге тұрақты, үдемелі өтуді қамтамасыз ететін тиімді құралдар мен әдістердің көмегімен жүзеге асырылады.
Білім беру деңгейлерінің сабақтастығы, ең алдымен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен қамтамасыз етіледі, онда сабақтастықты ескере отырып, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім деңгейлері бойыншабілім мазмұныныңсәйкестігі, оқытудыіске асыру тәсілдері, жеке жас ерекшеліктері, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері негізінде әрбір баланың дамуы қарастырылады.
«Мектепке дейінгі - бастауыш мектеп - негізгі мектеп – орта мектеп» деңгейлеріндегі бір деңгейден келесісіне өту кезеңінде білім алушының мұғалімдермен және құрдастарымен жаңа қарым-қатынас жасауы кезінде оның оқу іс-әрекеті мен тәрбиесінде жаңа талаптар пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет