STEM/ЅТЕАМтәсіл – инженерлік-техникалық білім мен қолданбалы өнерді дамыту үшін ғылымды, технологияны, инженерияны, өнер мен математиканы біріктіре отырып, білім берудің барлық деңгейлерінде білім алушыларды даярлаудың кешенді жүйесі. Оқытудың негізгі принципі – теория мен практиканың үйлесімі, теорияның маңыздылығын, оның өмірде немесе жұмыста, жеке тәжірибеде қолданылуын көрсете алатын нақты тапсырмаларды орындау арқылы оқытылатын материалды бекіту.
STEM/ ЅТЕАМ технологияларына негізделген тәсіл сабақта да, сабақтан тыс уақытта да қолданылады. Сабақты өткізу кезінде проблемалық бағдарланған және эвристикалық оқытуды, ал сабақтан тыс уақытта – жобалық және зерттеушілікке бағдарланған оқытуды қолдану ұсынылады.
18
1.4Функционалдық сауаттылық
Функционалдық сауаттылықтың негізгі құрамдас бөліктеріне: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, қаржылық сауаттылық, жаһандық құзыреттер мен сыни ойлау жатады.
Үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұны білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, негізгі және пәндік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамытуға бөлімшені оқытудың әрбір мақсаты бағытталғанын түсіну маңызды, сондықтан мақсатқа жету әр бөлімді зерделеу кезінде ойластырылуы тиіс.
Сауаттылықтың әртүрлі аспектілерін біріктіретін кіріктіру тәсілі де пайдалы және тиімді болуы мүмкін. Бұл тәсіл арқылы білім алушылар әртүрлі пәндер мен білім салалары арасындағы байланысты түсінеді, сол арқылы әлемді тереңірек және жан-жақты түсінуге мүмкіндігі туады.
Әр пәнде сауаттылықтың барлық түрлерін кешенді дамыту үшін оқытудың келесі белсенді әдістері ұсынылады:
1)тақырыптықжобалар:әртүрлі пәндердің элементтерін біріктіреді. Мысалы, экология жобасы ғылыми мақалаларды оқуды, эксперименттер жүргізуді, статистикалық деректерді талдауды және компьютерлік құралдарды қолдана отырып презентация жасауды қамтиды.