2) интерактивті тапсырмалар: мәтінді талдауды, математикалық есептеулер және компьютерлік дағдыларды қолдануды қажет ететін тапсырмалар. Мысалы, білім алушылар ғылыми мақалаларды зерттей алады, негізгі ақпаратты бөліп көрсетеді, деректерді график түрінде ұсынады және олардың нәтижелерін компьютерлік презентацияларды қолдана отырып көрсете алады.
3) қызығушылықтарына қарай зерттеулер мен жобалар: білім алушыларды қызықтыратын тақырыптарды зерттеуде оларға қолдау көрсету үшін қолдануға болады. Мысалы, егер білім алушы ғарышқа қызығушылық танытса, ол осы тақырыпта ғылыми мақалаларды оқып, арнайы математикалық есептеулерді шығарып, компьютерлік модельдер жасай алады және зерттеген тақырыбы бойынша презентациялар жасайды.
4) проблемаға бағытталған тәсіл: шынайы проблеманы шешу тұрғысынан оқытуда қолдануға болады. Жауапты іздеу үшін білім мен дағдылардың әр түрін талап ететін сұрақтарды пайдалану.
5) топтық жұмыс: топтағы әр білім алушының қызығушылығы мен дағдысына қарай өз үлесін қоса алатындай жұмыс түрлері. Мұндай топтық жобалар білім алушыларға сауаттылықтың әртүрлі аспектілерін біріктіріп, бір уақытта бірнеше пәннің мазмұнын байланыстыра отырып жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Оқу сауаттылығы
Оқу сауаттылығы – «жазбаша мәтіндерді түсіну және оларға рефлексия жасау қабілеті. Білім алушылар диаграммалар, суреттер, карталар, кестелер және
19
графиктер түрінде берілген әртүрлі жанрдағы мәтінді түсіну, ақпаратты табу, мәтінді түсіндіру, оның мазмұны туралы ойлану, оның мәні мен мағынасын бағалау қабілетін көрсетуі тиіс».
Оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін бастауыш сыныптардан бастап әр түрлі мәтіндерді, соның ішінде электронды мәтіндерді қолдану қажет, өйткені білім алушылар әртүрлі формада: диаграммалар, суреттер, карталар, кестелер мен графиктер түрінде ұсынылған әртүрлі жанрдағы мәтінді түсіну қабілетін көрсетуі қажет, мәтінді түсіндіру, оның мазмұны туралы ойлау, оның мәні мен мағынасын бағалау.
Сөйлеу әрекетінің 4 түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым, сондай-ақ жоғары сатыдағы дағдылары дамыту үшін: мәтіндерді талдау, жинақтау және бағалау шынайы өмірлік жағдайларда әртүрлі тілдік рецептивті (диалогты тыңдау, әртүрлі жанрдағы мәтіндерді оқу және т.б.), өнімді (монолог, презентация, хат және т.б.) және интерактивті (өзара әрекеттесуді қажет ететін) әрекеттер арқылы коммуникативтік тілдік құзыреттерді қолдануға болады.
Аталған дағдыларды қалыптастыру және дамыту үшін іс-әрекеттің әр түрімен үйлескен тапсырмаларды қолдану ұсынылады (3-кесте).
3-кесте - Тілдік пәндер сабақтарында коммуникативтік тәсіл шеңберінде функционалдық сауаттылықты дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |