Пікір
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы «Академик Е.А.Бөкетов
атындағы мектеп-гимназия» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Жұлдыз Тұраровна Оразалинаның «Ебіней Бөкетовтану» атты авторлық
әдістемелік бағдарламасы оқушылардың дүниетанымының
қалыптасуына,
білім-білік негіздерін тәжірибе негізінде меңгеруіне ықпал ететін тапсырмалар
қарастырылған. Қойылған мақсатқа сәйкес бағдарлама мазмұны толық және
аяқталған.
Сондықтан 7 сынып үшін қазақ әдебиет
тереңдете оқытуды дұрыс деп
танып, осы бағдарламаны ұсынып отырмын. Бағдарлама аптасына 1 сағат,
жылына 34 сағатқа құрылған. Мұндай курстың ерекшелігі,
оқушының өзіне
деген сенімділігі артады, оларды шығармашылық
жұмысқа бағыттайды, жеке
тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Бұл бағдарлама жалпы орта білім
беретін мектептің орыс сыныптарына арналған.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің жоғары санатты мұғалімі,
Б.С.Мұхамеджанова
1. Түсінік хат
Ебіней
Бөкетовтың ғалымдық тұлғасын, жан дүниесін, арман-мұратын
шығармашылығы арқылы танимыз.
Ғалымның шығармашылығын, оның
еңбектері арқылы оқушы бойына сіңіру-біздің басты мақсатымыз. Ұлы
ғалымның шығармашылық мұрасы – рухани қазына. Евней Букетов еңбектері
– туған елінің мақтанышы,
Бөкетовты тану, бағалау, насихаттау,
еңбектерін
зерттеу жерлестердің ой-санасын дамытады, сана-сезімі оятады.
Курс бағдарламасы бойынша 7-сыныпта 34 сағат теориялық және практикалық
сабаққа есептеліп құрылған.
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәнді
оқытудың
мақсаты
мен
міндеті:
Евней
Букетовтың
шығармашылығамен танысу, сол арқылы шәкіртерді химия, әдебиет пәндеріне
қызығушылығын ояту, академиктың еңбектерін толық жан-жақты оқыту. Оның
ғылыми жұмыстарының құдыреттің тану.
Достарыңызбен бөлісу: