«Академик Е. А. Бөкетов атындағы мектеп гимназия» кмм



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата23.10.2022
өлшемі350,66 Kb.
#45036
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
«Ебіней Бөкетовтану» қолданбалы курсы оқушылардың осы курсты 
игеру барысында алған білімдерін одан әрі тереңдете түсуге, Ебіней 
шығармаларының, көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу 
арқылы оларға жазушы талантының көркемдік-эстетикалық мәнін игерту, 
тәрбиелік мәнін түсіну.
Курсты оқытудың міндеттері:
1) Ебінейдің ғылымдағы орны мен жазушылық, аудармашылық болмысын тану. 
Оның шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, ғылымының мол мұрасы – 
қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.
2) ғалымның ғылым-білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы шығармаларының 
маңыздылығын 
түсіндіру 
арқылы 
оқушылардың 
ұлттық 
танымын 
қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге 


баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір 
алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;. 
3) Бөкетовтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық 
адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Академиктың 
өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, ғылым саласында көшбасшылық 
орнын көрсету;
4) ғалымның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігімен 
танысу;
5) Рухани байлығын пайымдау. ғалымдың шығармаларын зерттеу, жинақтау, 
жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;
Күтілетін нәтиже 
 
Ебіней Бөкетовтың еңбектерің, шығармаларын терең талдай білу әдеби 
сауаттылық; ғылымдағы ерекше орнын бағалау, зерттеушілік қабілетін ояту, 
ғылыми жұмысқа баулу: дарынды оқушылармен шығармашылық жұмыс 
жүргізу. 


Оқытылатын курстың мазмұны: 
 
 «Бөкетовтың өмірімен танысу» тарауын оқытуға – 8 сағат 
Кіріспе. Жерлес ғалым. Ебіней Бөкетовтың өмірі. Ғалым ретінде халыққа 
тануы. Ебінейдің ғылым саласындағы жаңашылдығы. Қорытынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет