Академиялық адалдықты сақтау ережесі жалпы ережесі


Университет оқытушылары мен қызметкерлерінің міндеттері



бет4/7
Дата06.01.2022
өлшемі31,62 Kb.
#11829
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚТЫ САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ

Университет оқытушылары мен қызметкерлерінің міндеттері:

Өз жұмыс тәжірибесінде академиялық адалдық принциптерін енгізуге жәрдемдесу.Академиялық әділетсіздік орын алған жағдайда ескерту.

Студенттердің тұрақты дамуы мен этикаға негізделген интеллектуалдық және адамгершілік оқыту үшін жағдай жасау. 

Қазақстан Республикасының аумағында да, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтағы қолданыстағы авторлық құқықтарды қорғау туралы нормативтік құжаттарды зерделеу. Ата-аналар қоғамдастықтығы арасында академиялық адалдық саясатын түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыс өткізу.Сабақты, кездесулерді өткізу барысында, бөтен сөздер мен ойларды рәсімдеу тәсілдеріне көңіл бөлу.Бұзушылық орын алған әрбір академиялық адалдықты қатаң есепке алу. Осындай жағдайлар туралы деканаттарды хабардар ету. Қажет болған жағдайда ЖОО-ның әкімшілігіне көмекке жүгіну.Академиялық адалдықты қолдауға қатысты мәселелер бойынша семинарлар мен практикалық сабақтарға кіру.

 6. Жауапкершілік және жаза

Білім беру үрдісінің қатысушылары академиялық адалдық принциптері бұзылған жағдайда олардың моральдық жауапкершілікке тартылатын есте сақтауы керек.

Плагиат, курстық, дипломдық жұмыстарды,магистрлік диссертацияларды сатып алу және сату қарапайым ережелерін бұзу шегінен шығу ретінде қарастырылады және қоғамдастық қатысты елеулі бұзу ретінде қабылданады және бөтен материалдарды пайдаланғаны үшін жазаға тартылады.

Оқытушылардың әрбір бұзу күні тіркеледі және студенттер мен магистранттардың ағымдағы немесе қорытынды жұмысы бағалау рәсіміне жіберілмейді.Студентке/магистрантқа сөгіс жарияланады, бұдан әрі оқудан шығарылады. Веб-жүйе көмегімен студенттер жұмысында плагиаттың  бар-жоғы тексерілетіні туралы студенттердің ақпараттанғанын оқытушылар кепілдік береді.

Кітапханашылар студенттер мен оқытушыларды барлық қатысушыларға қол жетімді бағдарламасын пайдалану үшін қолданылатын ресурстар, библиография, сілтемелерді көрсете отырып, кітаптар, журналдар, Интернет-сайттарды рәсімдеуге қатысты келісіммен қамтамасыз етеді.

 7. Ереже бұзған жағдайда шараларды қолдану тәртібі 

1. Академиялық адалдықтың  бұзылуы былай  анықталуы  мүмкін:

1)  ағымдағы бағалауды жүргізу кезінде;

2)  қорытынды бағалауды жүргізу кезінде

2.  Білім алушылардың ағымдағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде сөз байласу,  плагиат анықталған жағдайда:

1) оқытушы осы ереженің қосымшасына сәйкес ережені бұзу туралы акт жасайды,білім алушылармен әңгімелесу өткізеді. Ережені бұзу туралы актіні тиісті дәлелдемелермен және білім алушылардың жұмыс көшірмелері факультет деканына беріледі;

2) жүйелі түрде бұзушылық (үш және одан да көп рет)  кезінде оқытушы белгіленген нысан бойынша ережелерді бұзу туралы акт құрайды. Ережені бұзу туралы актіні тиісті дәлелдемелермен және білім алушылардың жұмыс көшірмелері факультет деканына беріледі, кейіннен ол барлық құжаттар тәртіп комиссиясына беріледі.Ережелерін бұзу туралы актіні тиісті дәлелдемелер дисциплинарлық комиссияға тапсырылады.

3. Білім алушылардың ағымдағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде алдау анықталған жағдайда:

1)  оқытушы белгіленген нысан бойынша ережелерді бұзу туралы акт жасайды, кураторлардың қатысуымен білім алушылармен  әңгімелесу өткізеді. Ережені бұзу туралы актіні тиісті дәлелдемелермен және білім алушылардың  жұмыс көшірмелері факультет деканына беріледі;

2) жүйелі түрде бұзушылық (үш және одан да көп рет)  кезінде оқытушы белгіленген нысан бойынша ережелерді бұзу туралы акт құрайды. Ережені бұзу туралы актіні тиісті дәлелдемелермен және білім алушылардың  жұмыс  көшірмелері факультет деканына беріледі, кейіннен  ол барлық құжаттар Тәртіп комиссиясына беріледі.

4. Білім алушылардың ағымдағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде бағаланатын жұмыстардың бағалауын бұрмалау, бағаланатын жұмыстардың жауаптарын әділетсіз жолмен сатып алу, ақпараттар мен құрылғыларды заңсыз пайдалану анықталған жағдайда: оқытушы белгіленген нысан бойынша ережелерді бұзу туралы акт жасайды, кураторлардың қатысуымен білім алушылармен  әңгімелесу өткізеді. Ережені бұзу туралы актіні тиісті дәлелдемелермен және білім алушылардың  жұмыс көшірмелері факультет деканына беріледі, кейіннен  ол барлық құжаттар тәртіп комиссиясына беріледі.

5.  Білім алушылардың оқу жетістіктерін қорытынды бағалау кезінде сөз байласу, плагиат, бағаланатын жұмыстардың бағалауын бұрмалау, бағаланатын жұмыстардың жауаптарын студенттер/магистранттар әділетсіз жолмен сатып алу, сондай-ақ, ақпараттар мен құрылғыларды  заңсыз пайдалану анықталған:

Оқытушы немесе уәкілетті тұлға емтиханға қатысып белгіленген нысан бойынша Ережелерді бұзу туралы акт жасайды. Ережені бұзу туралы актіні тиісті дәлелдемелермен және білім алушылардың  жұмыс  көшірмелері факультет деканына беріледі, кейіннен  ол барлық құжаттар Тәртіп комиссиясына беріледі. Ережені бұзған білім алушыларға тәртіптік жаза шаралары (жұмысы үшін бағасын С-деңгейіне дейін төмендету, жазбаша жұмысты қайта орындату, сөгіс, ақылы негізде жазғы триместрге қалдыру, ата-аналарын хабардар ету, ақпаратты университет сайтына орналастыру, жоо-дан шығару) қолданылады.

6. Білім алушылардың бағаланатын жұмыстарын орындау кезінде бұрмалау, алдау, жемқорлық, курстық, дипломдық жұмыстарды, магистрлік диссертацияларды сату анықталған жағдайда, оқытушы/ университет қызметкері жұмыстан қуылуға дейін тәртіптік жазаға тартылады.

7. Тәртіптік комиссияның жұмысын ұйымдастыру ережемен және БҚМУ-нің ішкі тәртіп ережелерімен реттеледі.

 8. Тәртіптік комиссия

Тәртіптік комиссия(келесі- ТК) тәуелсіз эксперттік ұйым ретінде құрылады, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті білім алушылардың білім беру үрдісінің қатысушыларының құқықтарының қамтамасыз етеді және адамгершілік-этикалық бағалау нәтижелері бойынша қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет