Академиялық жазылым дегеніміз



бет35/41
Дата20.12.2023
өлшемі105,33 Kb.
#141542
түріДиплом
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Байланысты:
дәріс тезистері 1

Жоспары:
1. Ғылыми мақала жазудың мақсаты мен міндеттері.
2. Ғылыми мақалаға қойылатын талаптар мен олардың құрылымдары
Ғылыми мақала дегеніміз - ғылыми зерттеулер нәтижелерін сипаттау. Ғылыми мақала зерттеу тақырыбы бойынша нақты жекелеген мәселелерді қамтитын, нәтижесі берілетін, автордың ғылыми басымдығы көрінетін жарияланымның бір түрі болып табылады. Ғылыми мақала маманның жетістігін көрсетеді.
Ғылыми мақаланы іштей үшке бөлуге болады:
1. Ғылыми-теориялық мақалалар теориялық ізденістер мен зерттеліп отырған мәселенің заңдылығын түсіндіруге арналады.Теориялық мақалалар кез келген зерттеуді жүргізудің негізі болып табылады. Ғылымда тек теориялық пайымдаулардың көмегімен тың жаңалықтар ашылып, кейін тәжірибе мен эксперименттер арқылы дәлелденген оқиғалар аз кездеспеген. Кейбір салаларда тек қана теориялық әдістер арқылы зерттелетін нысанның маңызын ашуға болады.
2. Ғылыми-практикалық мақалалар ғылыми эксперименттер мен шынайы тәжірибеге арналады. Оларда эксперимент жүргізу әдістері не зерттелетін құбылысты бақылау құралдары мен оларды тіркеу тәсілдері сипатталады. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді баяндау мен оларды түсіндіру мұндай мақалалардың негізгі бөлігі болып табылады.
3. Ғылыми-әдістемелік мақалалар ғылыми немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін әдістер, тәсілдер, құралдар мен үдерістерге шолу жасауға арналады.
Ғылыми мақаланың құрылымы

Ғылыми мақаланың нақты құрылымы болады. Ол мынадай бөліктерден тұрады:


Атауы (тақырып).
Абстракт немесе Аңдатпа.
Тірек сөздер.
Кіріспе.
Әдебиеттерге шолу.
Негізгі белім (әдіснамасы, нәтижелері).
Тұжырымдар мен зерттеуден күтілетін нәтижелер.
Қорытынды


Атауы (тақырып) - негізгі мәтіннің құрылымдық бөлігін (бөлім, тарау, параграф, тармақ, тармақша, кесте және т.б.) таңбалау.
Мақаланың атауына қойылатын негізгі талап - қысқалық және анықтық. Тақырыптың ең үлкен көлемі - 10-12 сөз. Тақырып мағыналы, мәнерлі, мақала мазмұнын ашатын болуы керек. Тақырып оқырманның назарын аударатындай болуы тиіс. Мақала жазғандағыдай, тақырып қоюда да ғылыми стильді қатаң ұстану қажет. Тақырып зерттеудің басты тақырыбын анық бейнелеп, оқырманды мақалада қарастырылған мәселеге қатысты шатастырмауы тиіс. Тақырыпта мақаланың мәнін ашатын кейбір тірек сөздер болуы керек. Тақырыпта жалпыға түсінікті қысқартуларды қолдануға да болады. Мақала тақырыбын басқа тілге (орыс, ағылшын тілдеріне) аударғанда кейбір ұлттық ерекшелікке қатысты аударылмайтын жалқы есімдерден, реалийлерден басқа қазақ тілінен ешқандай транслитерация қолданылмауы керек.
Ғылыми мақала белгілі бір ғылыми журналдардың жекелеген нөмірлерінде немесе жинақтарда жарияланатын, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген, аяқталған авторлық жұмыс болып табылады. Ғылыми мақаланың көлемі, әдетте, 0,5-0,7 баспа табақты (8-10 бет) құрайды.
Мақаланың қолжазбасында жұмыстың толық атауы, автордың аты жөні, абстракт/аңдатпасы, пайдаланылған әдебиет тізімі болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет