«
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»
Академиялық жұмыс департаменті
Академиялық адалдық кодексі
Редакция: 3
26
беттің 2 беті
жауапкершілік
- Академиялық адалдық саясатын ұстану,
академиялық
адалдықты бұзуға әкелетін жағдайларды болдырмау;
объективтілік
- объективті деректер негізінде біржақты және субъективті
көзқарассыз шешім қабылдау;
әділдік -
университеттің академиялық қоғамдастығы мүшелерінің құқықтары мен
міндеттерінің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету,
сондай-ақ академиялық
адалдықтың бұзылуын әділ қарау;
академиялық адалдықты бұзуға нөлдік төзімділік
- академиялық адалдықтың
әрбір бұзылуын тіркеу және қарау және Кодекске сәйкес шараларды бұзғандарға
қатысты шаралар қабылдау.
Университет Академиялық адалдық лигасының қағидаларын ұстанады:
№ 1 Қағида.
Академиялық адалдық лиганың әр мүшесінің, оның білім беру
процесі мен зерттеулерінің басты құндылығы болып табылады.
№2 Қағида
. Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықтың нақты,
әділ және
объективті стандарттарының, дәйексөз келтіру және мінез-құлық ережелерінің
сақталуын қамтамасыз етеді.
№3 Қағида.
Лиганың әрбір мүшесі академиялық және /
немесе зерттеу
мақсаттары үшін ұсынылған сипатына, мазмұнына және көлеміне қарамастан
барлық жазбаша жұмыстардың плагиатқа міндетті түрде
тексерілуін қамтамасыз
етуге жауапты болады.
№4 Қағида.
Лиганың әрбір мүшесі білім алушының академиялық адалдық
қағидаттары мен стандарттарын бұзғаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
№5 Қағида.
Лиганың әрбір мүшесі өзінің оқыту нәтижелерін әділ және
объективті бағалау жүйесі шеңберінде білім алушыларға жоғары талаптар қояды.
Достарыңызбен бөлісу: