2. Негізгі терминдер Осы Кодексте мынадай терминдер пайдаланылды:
Академиялық адалдық - білім беру процесінде білім алушылар мен
оқытушылардың жеке адалдығы мен оқуға деген жауапкершілігін дамытатын
құндылықтар мен мінез - құлық қағидаттарының жиынтығы.
Академиялық адалсыздық - ғылыми және білім беру қызметімен байланысты
алаяқтықтың немесе алдаудың кез-келген түрі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат -басшылық ресми тұжырымдаған
сыбайлас жемқорлыққа және парақорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде ұйымды
дамыту ниеті мен бағыты;
Білім алушы - білім беру бағдарламасын меңгерген тұлға. Білім алушыларға
жататындар: студенттер, интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар,
қосымша білім беру тыңдаушылары жатады.
3. Академиялық адалдық қағидаттары: Білім беру процесінде білім алушылардың академиялық адалдығының негізгі
қағидаттары:
адалдық - бұл білім алушылардың бағаланатын және
бағаланбайтын
жұмыстарды адал, лайықты орындауы;
автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге
асыру – бағаланатын жұмыстарда басқаның сөзін, ойын дұрыс беру және ақпарат
көздерін көрсету арқылы
авторлық құқық объектісі болып табылатын
туындылардың авторлығын және қорғалуын тану;
ашықтық - таза, өзара сенім, білім алушылар мен оқытушылар арасында ақпарат
және идеялармен ашық алмасу;
білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу - білім
алушылардың пікірлері мен идеяларын еркін білдіру құқығы;
теңдік - әрбір білім алушының академиялық адалдық ережелерін сақтау
жөніндегі міндеті және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілік;