36-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті 1. Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мына мәселелер жатқызылады:
1) қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакциясында бекіту;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1) тармақша өзгертілді 1-1) осы кодекстi қабылдау қоғамның жарғысында көзделген жағдайда, корпоративтiк басқару кодексiн, сондай-ақ оған енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыруларды бекіту; Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда) корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне сәйкес корпоративтік басқару кодекстерін бекітеді; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) 1-2) артықшылықпен сатып алу құқығын қолданбай, қоғамның орналастырылатын (өткізілетін) акцияларының немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың тәртібін, шекті мерзімдерін және жалпы санын айқындау;
2) қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3) қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрiн өзгерту туралы шешiм қабылдау; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін, сондай-ақ оларды өзгертуді айқындау; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды 3-2) қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылдау; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-3) орналастырылған акциялардың бір түрін акциялардың басқа түріне айырбастау туралы шешім қабылдау, мұндай айырбастаудың шарттарын, мерзімдері мен тәртібін айқындау; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) 3-4) акцияларды бөлшектеу туралы шешім қабылдау, осындай бөлшектеу шарттарын, мерзімдерін және тәртібін айқындау;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) 3-5) өтеу мерзімінсіз мемлекеттік емес облигациялар шығару туралы шешім қабылдау және оларды шығару шарттарын айқындау;
4) есеп комиссиясының сан құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) директорлар кеңесі санының құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау (қайта сайлау) және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақылар төлемі мен шығыстары өтемақысының мөлшерін және шарттарын айқындау;
6) қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) аудиттелген жылдық қаржылық есептілікті бекіту;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 8) қоғамның есепті қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту;