46-бап. Есеп комиссиясы 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Есеп комиссиясы акционерлер саны жүз және одан да көп қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында сайланады.
Акционерлер саны жүзден аз қоғамда есеп комиссиясының функциясын акционерлердің жалпы жиналысының хатшысы жүзеге асырады. Акционерлердің бірінші жалпы жиналысында есеп комиссиясының функциясын орталық депозитарий жүзеге асырады.
Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша есеп комиссиясының функциясы орталық депозитарийге жүктелуі мүмкін.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Есеп комиссиясы үш адамнан кем болмауға тиіс. Есеп комиссиясына қоғамның алқалы органдары мүшелерінің, сондай-ақ қоғамның атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның кіруіне болмайды.
Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін уақытта есеп комиссиясының мүшесі болмаған жағдайда жиналыс өткізілетін уақытқа есеп комиссиясының мүшесін қосымша сайлауға рұқсат етіледі.
3. Есеп комиссиясы:
1) акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін келген адамдардың өкілеттігін тексереді;
2) акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркейді және оларға акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды береді;
3) сырттай дауыс беру үшін алынған бюллетеньдердің дұрыстығын анықтайды және дұрыс бюллетеньдер мен күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша оларда көрсетілген дауыстарды санайды;
4) акционерлердің жалпы жиналысы кворумының, оның ішінде жиналыс өткізілген барлық уақыттың ішінде болуын да анықтайды және кворумның болғаны немесе болмағаны туралы хабарлайды;
5) акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің құқықтарын іске асыру мәселелерін түсіндіреді;
6) акционерлердің жалпы жиналысында қаралған мәселелер бойынша дауыстарды санайды және дауыс берудің қорытындысын шығарады;
7) акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасайды;
8) дауыс беру бюллетеньдерін және дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы қоғамның мұрағатына береді.
4. Есеп комиссиясы акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру үшін толтырылған бюллетеньдердегі ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 47-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 47-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)