2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды 9-1) қоғам акцияларының ерікті делистингі туралы шешім қабылдау; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді 10) қоғамға тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы активтердің бір немесе бірнеше бөлігін беру (алу) арқылы қоғамның өзге де заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы не өзге де заңды тұлғалардың қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығуы туралы шешім қабылдау;
11) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 12) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша өзгертілді 13) акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы қоғамның акционерлерге хабарлау нысанын белгілеу; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді 14) қоғам акцияларды осы Заңға сәйкес ұйымдастырылмаған нарықта сатып алған жағдайда олардың құнын белгілеу әдістемесіне өзгерістерді бекіту (егер оны құрылтай жиналысы бекітпесе, әдістемені бекіту); 15) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) тармақша өзгертілді 16) акционерлерге, егер мұндай тәртіп қоғамның жарғысында айқындалмаса, қоғам қызметі туралы ақпарат беру тәртібін айқындау; 17) «алтын акцияны» енгізу және оның күшін жою;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 17-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-1) тармақша жаңа редакцияда 17-1) нәтижесінде акционерлік қоғам активтері баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан көп пайызы сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын (сатып алынуы немесе иелiктен шығарылуы мүмкiн) мәміле туралы шешімді қабылдау күніне құны оның активтері баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан көп пайызын құрайтын мүлікті нәтижесінде қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) ірі мәмілені қоғамның жасасуы туралы шешім қабылдауы; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 18) шешім қабылдау осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен мазмұн 1-1-тармақпен толықтырылды; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.01.02. № 551-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің жалғыз акционері құзыретінің ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Осы баптың 1-тармағының 1-1), 1-2), 2), 3) және 14) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмдерi қоғамның дауыс беретiн акцияларының жалпы санының айқын басым көпшілігімен, ал инвестициялық жекешелендiру қорын қайта құру нәтижесiнде құрылған қоғамда - қоғамның жиналыста өкiлдiк еткен дауыс беретiн акцияларының айқын басым көпшілігімен қабылданады. Осы баптың 1-тармағының 3-5) тармақшасында көрсетілген мәселе бойынша акционерлердің жалпы жиналысының шешімі қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады.
Егер осы Заңда және (немесе) қоғам жарғысында өзгеше белгiленбесе, акционерлердiң жалпы жиналысының өзге мәселелер бойынша шешiмдерi қоғамның дауыс беруге қатысушы дауыс беретiн акцияларының жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Акционерлердiң жалпы жиналысы орналастырылған акциялардың бір түрін акциялардың басқа түріне айырбастау бөлігінде осы баптың 1-тармағының 3-3) тармақшасында көрсетілген мәселе бойынша шешiм қабылдаған кезде артықшылықты акцияларды иеленетін акционердің құқықтарын шектеуі мүмкін шешім орналастырылған (сатып алынғандары шегеріле отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісі осындай шешім үшін дауыс берген жағдайда ғана қабылданды деп есептеледі. 3. Егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шешім қабылдау акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді басқа органдардың, лауазымды адамдардың және қоғам қызметкерлерінің құзыретіне беруге жол берілмейді.
4. Егер жарғыда өзгеше белгіленбесе, акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның ішкі қызметіне жататын мәселелер бойынша қоғамның өзге органдарының кез келген шешімінің күшін жоюға құқылы.