Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі қазақстан Республикасының Заңы


-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы ақпарат



бет32/63
Дата11.01.2023
өлшемі130,53 Kb.
#61012
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
41-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы ақпарат
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Акционерлерге («алтын акцияның» иесіне) алда акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетіні туралы жиналыс өткізілетін күннен - күнтізбелік отыз күн бұрын, ал өткізу кезінде бір немесе одан көп акционерді хабардар ету үшін пошта байланысы құралдары пайдаланылатын сырттай немесе аралас дауыс беру жағдайында күнтізбелік қырық бес күн бұрын хабарлануға тиіс.
Қаржы ұйымы болып табылатын қоғам акционерлерінің, уәкілетті органның талабы бойынша пруденциялық және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де нормалар мен лимиттерді орындау мақсатында күн тәртібіне қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту туралы мәселе енгізілген жалпы жиналысы өткізілген жағдайда, акционерлерге («алтын акцияның» иесіне) акционерлердің алдағы жалпы жиналысының өткізілетіні туралы акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейін - он жұмыс күнінен бұрын, ал өткізу кезінде бір немесе одан көп акционерлерді хабардар ету үшін пошта байланысы құралдары пайдаланылатын сырттай немесе аралас дауыс беру жағдайында он бес жұмыс күнінен бұрын хабарлануы тиіс.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға не оларға жіберілуге тиіс. Егер қоғам акционерлерінің саны елу акционерден аспаса, хабарлама акционерге жазбаша хабарлама жолдау арқылы жіберілуге тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы жазбаша хабарлама акционерлерге қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жіберіледі.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Шешімі қатысу немесе аралас дауыс беру арқылы қабылданатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламада:
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы туралы мәліметтер;
3) қоғам акционерлері жалпы жиналысының өткізілетін күні, уақыты және орны, жиналысқа қатысушыларды тіркеу басталатын уақыт, сондай-ақ егер алғашқысы өткізілмесе, қоғам акционерлерінің өткізілуге тиісті болған жалпы жиналысының қайта өткізілетін күні және уақыты;
4) акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күн;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібі;
6) қоғам акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен таныстыру тәртібі;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі;
9) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) оларға сәйкес қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өткізілетін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормалары болуға тиіс.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Аралас дауыс беру кезінде қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламада Заңның осы бабының 3-тармағында көзделген ақпаратқа қосымша ретінде бюллетеньдерді берудің соңғы күні көрсетіледі.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Шешімі сырттай дауыс беру арқылы қабылданатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламада:
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы туралы мәліметтер;
3) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күн;
4) сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді берудің басталған және аяқталған күні;
5) сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні;
6) қоғам акционерлері жалпы жиналысының күн тәртібі;
7) қоғам акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен таныстыру тәртібі;
8) дауыс беруді өткізу тәртібі;
9) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы соған сәйкес өткізілетін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормалары қамтылуға тиіс.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Миноритарлық акционер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде басқа акционерлермен бірігу мақсатында орталық депозитарийге өтініш жасауға құқылы.
Миноритарлық акционердің өтініш жасау және орталық депозитарийдің басқа акционерлерге ақпарат тарату тәртібі орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет