Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі қазақстан Республикасының Заңы


-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын қайталап өткізу



бет33/63
Дата11.01.2023
өлшемі130,53 Kb.
#61012
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63
Байланысты:
ЗАҢЫ Акционерлік қоғамдар туралы 415

42-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын қайталап өткізу
1. Акционерлердің жалпы жиналысын қайталап өткізуді акционерлердің бастапқы (болмай қалған) жалпы жиналысы белгіленген күннен кейінгі келесі күннен ерте тағайындауға болмайды.
2. Акционерлердің қайталап өткізілетін жалпы жиналысы акционерлердің болмай қалған жалпы жиналысы белгіленген жерде өткізілуге тиіс.
3. Акционерлердің қайталап өткізілетін жалпы жиналысы күн тәртібінің акционерлердің болмай қалған жалпы жиналысының күн тәртібінен айырмашылығы болмауға тиіс.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
43-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі
1. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін директорлар кеңесі қалыптастырады және онда талқылауға шығарылатын мәселелердің нақты тұжырымдалған түбегейлі тізбесі қамтылуға тиіс.
2. Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысын ашу кезінде директорлар кеңесі күн тәртібін өзгерту бойынша алған ұсыныстары туралы баяндауға міндетті.
3. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту қоғамның жиналыста өкілдік еткен дауыс беретін акцияларының жалпы санының көпшілік дауысымен жүзеге асырылады.
4. Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысының күн тәртібіне:
1) қоғам акционерлері жалпы жиналыс өткізілетін күнге дейін он бес күннен кешіктірілмей толықтырулар туралы хабардар етілген жағдайда, қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленетін акционерлер немесе директорлар кеңесі ұсынған осындай толықтырулар;
2) егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде тоқсан бес пайызын жиынтығында иеленетін акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі енгізілуіне дауыс берсе, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.
5. Қатысу тәртібімен өткізілетін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі, егер орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісі енгізілуіне дауыс берсе, мәселені шешу артықшылықты акцияларды иеленетін акционерлердің құқықтарын шектеуі мүмкін мәселемен толықтырылуы мүмкін.
6. Акционерлердің жалпы жиналысы сырттай және (немесе) аралас дауыс беру арқылы шешім қабылдаған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін өзгертуге және (немесе) толықтыруға болмайды.
7. Акционерлердің жалпы жиналысы оның күн тәртібіне енгізілмеген мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға құқылы емес.
8. Күн тәртібінде «әр түрлі», «өзге», «басқалары» деген сөздерді қоса алғанда, кең түсінік беретін тұжырымдамаларды және осыларға ұқсас тұжырымдамаларды пайдалануға тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет